
18.10.2019
Ауданның белсенді ардагерлерініңи серуені
18.10.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданы əкімінің аппараты жəне Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Шакирова Тамара Мұхтарханқызының ұйымдастыруымен, сондай-ақ демеушілердің қолдауымен 30 ардагерімізді арнайы автобуспен М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс паркiне алып бардық. Қарияларымызға паркті аралатып сирек кездесетін жануарларды таныстырумен қатар, таза ауада рухани демалыс сыйланды. Арнайы түскі ас ұйымдастырылып, көргені көп қарияларымыздан ақыл-кеңескетер алынып, рухани əңгімелер айтылды. "Қариясы бардың - қазынасы бар" демекші үлкендерді құрметтеу, барында бағалау барлығымызға парыз деп білеміз. Ардагерлеріміздің жүзіндегі күлкі мен қуаныш болашағымызға деген НЫҚ сенім!