Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.09.2018
«Бақытты отбасы» акциясы

Қазақстан Республикасының Президентінің «Кәсіптік және басқа да мерекелер туралы» жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып табылады.

Сонымен отбасылық қатынастардың құндылығын көтермелеу және тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Алматы қаласының аумағында 2018 жылдың 9 мен 11 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған «Бақытты отбасы» акциясы өтті.

2018 жылдың 11 қыркүйегінде Алматы қ. Жетісу ауданы әкімі аппараты жанындағы АХАТ бөлімінің инспекторы Ж.Д. Саркулованың қатысуымен отбасын құрғалы жатқан жас жұбайлар кездесу өткізілді, кездесу барысында Жетісу АІІБ ЖПҚ басшылығының атынан құттықтау хаты тапсырылды.

2018 жылдың 10 қыркүйегінде Жетісу ауданының ІІБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Г.В. Құрбанбаева мен №112 мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты А.Ережепованың және № 112 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігімен бірге Отбасы күніне арналған «Менің отбасым» атты іс-шара өткізілді. Іс – шара барысында 7 сынып оқушылар арасында сурет салу байқауы өткізіліп, жақсы деп танылған сурет иелері құрмет мадақтамасымен марапатталды.

Акция өту барысында «Ялян», «Байсат» базарының жұмысшылары арасында, Алматы қ. Мемлекеттік дағдарыс орталығына орналастырылған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдер арасында, Жетісу ауданының аумағында орналасқан мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында әңгіме жүргізіліп, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


12.09.2018