Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Мерейлі отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013-жылғы 6-желтоқсанындағы № 250 санды Жарлығының «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы бойынша, 2018-жылдың 1-маусымында Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты екі ерекше отбасы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл отбасыларында, яғни Канат Кенесович Атекеевтің және Сайлаубек Маматаевтың отбасысында отбасы дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары сақталып келеді, және де балаларының Қазақстанды даңқтауға ұмтылған ерекше өмір сүру жолы бар.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы - моральдық құндылықтарды жаңғыртуға, үлгілі неке мен отбасын құруға, отбасы мәртебесін көтеруге, ата – аналарының балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға, сондай – ақ балалары өз ата – аналарына қамқорлығын бөлеуге бағытталған.

«Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстан Республикасында 2014 - жылдан бастап өткізіліп келеді. Осыған орай Алматы қаласы Жетісу ауданы аппараты отбасы мәртебесін көтеру мақсатында, отбасыларды белсенді қатысуға, моральдық – адамгершілік құндылықтарын өсіруге және отбасы мен некенің жағымды бейнесін көрсетуге шақырады.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Мерейлі отбасы» қалалық байқауында Жетісу ауданының атынан шыққан байқау жеңімпаздары - Канат Кенесович Атекеевтің отбасын және Сайлаубек Маматаевтың отбасын шын жүректен құттықтайды.


01.06.2018