Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.05.2019
Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Мерейлі отбасы» қалалық байқауында Жетісу ауданының атынан шыққан байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013-жылғы 6-желтоқсанындағы № 250 санды Жарлығының «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы бойынша, 2019 жылдың 24 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты екі ерекше отбасы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл отбасыларында, яғни Гаухар Байысбайұлы және Құлментегі Махмұт ағаның отбасысында отбасы дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары сақталып келеді, және де балаларының Қазақстанды даңқтауға ұмтылған ерекше өмір сүру жолы бар.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы - моральдық құндылықтарды жаңғыртуға, үлгілі неке мен отбасын құруға, отбасы мәртебесін көтеруге, ата – аналарының балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға, сондай – ақ балалары өз ата – аналарына қамқорлығын бөлеуге бағытталған.

«Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстан Республикасында 2014 - жылдан бастап өткізіліп келеді. Осыған орай Алматы қаласы Жетісу ауданы аппараты отбасы мәртебесін көтеру мақсатында, отбасыларды белсенді қатысуға, моральдық – адамгершілік құндылықтарын өсіруге және отбасы мен некенің жағымды бейнесін көрсетуге шақырады.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Мерейлі отбасы» қалалық байқауында Жетісу ауданының атынан шыққан байқау жеңімпаздары – Досыбаев Гаухар Байысбаұлының отбасын және Құлментегі Махмұт ағаның отбасын шын жүректен құттықтайды

 

24.05.2019