2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.01.2020
Тұмау дегеніміз не және оның қауіптілігі неде?

Тұмау дегеніміз не және оның қауіптілігі неде?

 Тұмау – вирус тудыратын тыныс алу жолдарының жіті жұқпалы ауруы жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына жатады.

Тұмаумен ауыру басқа респираторлық инфекцияларға қарағанда ауыр.Тұмау созылмалы аурулардың бронх демікпесі, жүрек- қантамыр аурулары, қант диабетінің асқынуына алып келеді.Тұмаудың өзі емес, оның асқынуы адамды мүгедектікке немесе өлім-жетімге алып келуі мүмкін. Ауруды жұқтыру көзі – науқас адам.

Тұмаудың асқынуы:

·        Пневмония;

·        Бронхит;

·        Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы (менингит, энцефалит)

·        Бүйректің зақымдалуы (пиелонефрит).

Қауіпті топтар:

·        Жүкті әйелдер;

·        6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар;

·        65 жастағы және одан үлкен қарт адамдар;

·        Созылмалы аурулармен ауыратын адамдар;

·        Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;

Белгілері:

·        Қалтырау;

·        39-400С дейін дене қызуының көтерілуі;

·        Қалжырау, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы;

·        Құрғақ жөтел, тыныс алудың қиындауы;

·        Құсу,іштің өтуі.

Ауа – тамшылары арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде немесе жай тыныс алғанда науқас адамнан вирус таралады.

Тұрмыстық қарым – қатынас арқылы лас қолдан, күнделікті қолданылатын таза емес құралдар, ойыншықтар және т.б. вирус таралады.

         Әлемде вакцинация инфекциямен күресте аса тиімді, экономикалық және қолжетімді құрал ретінде танылған.Тұмауға қарсы алдын алудың басты тәсілдері вакцинация болып табылады.

Вакцинация ағзаны қорғаныш күшін арттыруға ынталандырып, аурудың алдын алады. Вакцинацияны тұмау таралмастан бұрын ерте күзде жүргізіп, жыл сайын қайталап алып отыру қажет. Вакцинация әсіресе тұмаудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдар, сондай- ақ жоғары қауіп тобындағы адамдармен бірге тұратындар немесе оларға күтім жасайтын адамдар үшін қажет.

           Спецификалық есем профилактика:

·        ЖРВИ-мен ауырған науқас адамдарданаулақ болыңыз;

·        Адамдар жаппай жиналатын орындарға бармаңыз;

·        Ғимаратты үнемі желдетіп, ылғалдандырып сүртіп отырыңыз;

·        Жөтелу және түшкіру тәртібін сақтаңыз;

-Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды орамалмен/майлықпен жабыңыз;

- Қолыңызда орамал / майлық болмаса, алақанға емес, шынтақтың бүгілген жеріне жөтелуге әдеттеніңіз,себебі алақанмен ауызды үйреншікті жабу, инфекцияның қол мен күнделікті пайдаланылатын заттар арқылы таралуына себеп болады;

- Қолданылған орамал /майлықтарды қоқысқа арналған себетке тастаңыз;

-Қолыңызды сабындап, жылы сумен жуыңыз, қолды тазалауға арналған құрамында спирті бар құралды пайдаланыңыз және қолды ерінге, мұрын мен көзге тигізуге тырысыңыз;

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз:

-         күніне кемінде 30 минут жеткілікті дене белсенділігімен айналысыңыз

-         көп уақытыңызды таза ауада өткізіңіз, серуендеңіз, жүгіріңіз, велосипед тебіңіз.

-         күн тәртібін еңбек және демалыс, соның ішінде толыққанды ұйықтауды сақтаңыз.

-         ақуыз, дәрумендер мен минералды заттектерге бай азық –түліктерді тұтыныңыз.

-         күйзеліспен күресуге үйреніңіз.Күйзеліске төзімділікті арттырыңыз.

 

Егер тұмаудың белгілеріне ұқсас белгілер байқалса, үйден шықпаңыз. Жұмысқа, сабаққа бармай, дәрігерді үйге шақырыңыз.

 

28.01.2020