Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Қала күні» өтті

2018 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Құлагер шағынауданындағы «Гүлдер» саябағында Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі М.І.Тәжібаев құттықтау сөзімен мерекені ашты.

Ару қала Аламытының 1002 жылдығына орай өткізілген бірқатар байқаулардың нәтижесі шығарылып, ел алдында жеңімпаздары марапаттау рәсімі өткізілді. «Үздік аула» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған «Дарья» ЖПИК, төрайымы Новикова О.П., жүлдеге бұта кескіш алды, «Үздік аула сыпырушы» болып «Темір» ЖПИК-нің жұмысшысы Иванов Виталий Александрович танылды, ақшадай сыйлық алды, «Үздік қоқыс шығарушы ұйым» болып «Көк-Төбе» жеке үй иелері кооперативі - төрайымы Хасанова О.Ф. және «Үздік мердігер ұйым» «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігі, учаске бастығы - Турсунова Г.Т. сыйлыққа теледидар алды, «Үздік ЖПИК» атағына «Ақ-Айнабұлақ» тұтынушылар кооперативі танылды, төрағасы Кайрбаев К.М., «Үздік мектеп» - №110 мектеп-гимназиясы – директоры Абитова Ж.Н., «Үздік бала бақша» «№171 бөбекжай бала-бақшасы – меңгерушісі Абдукаримова З.А. сыйлыққа мотошалғы алды, «Үздік емхана» номинациясы бойынша №11 қалалық емхана мапатталып, бас дәрігері Жунисова М.А. түрлі-түсті принтер берілді, «Үздік полиция қызметкері» атағын Жетісу аудандық ІІБ ЖПҚ №62 учаскелік полиция пунктінің аға инспекторы Акимбаев А. алды, сыйлығы велосипед.

Қазақстандық жас эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Саябақ аумағында мерекелік сауда, атпен серуендау, спорттық ойындар және кішкентай тұрғындар үшін аттракциондар қойылды.

Сонымен қатар, «Алма fest» фестивалінің шеңберінде ұлттық киімдегі арулар іс-шара барысында Алматы апортын мерекеге қатысушыларға үлестірді, 1002 алма таратылды.

Мереке ашық аспан астындағы дискотекамен аяқталды, тұрғындар мен қала қонақтары селфи жасап, естелікке шағын бейне роликтер түсіріп, тамаша көңіл күйге бөленді.


14.09.2018