Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Қала күні» өтті

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Құлагер шағынауданындағы «Гүлдер» саябағында Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі М.С.Қиқымов құттықтау сөзімен мерекені ашты.

Ару қала Аламытының 1003 жылдығына орай өткізілген бірқатар байқаулардың нәтижесі шығарылып, жеңімпаздары «Үздік аула», «Үздік аула сыпырушы», «Үздік ЖПИК» номинациялары бойынша және бірқатар тұлғалар ауданның дамуына қосқан үлестері үшін марапатталып, әкімнің дипломдарына ие болды.

Қазақстандық жас эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Саябақ аумағында мерекелік сауда, атпен серуендау, кішкентай тұрғындар үшін ойын аттракциондары қойылды.

Сонымен қатар, «Алма fest» фестивалінің аясында ұлттық киімдегі арулар іс-шара барысында Алматы апортын мерекеге қатысушыларға үлестірді, Алматының 1003 жылдығы құрметіне 1003 алма таратылды.

Сүйікті қала күні мерекесінде тұрғындар мен қала қонақтары естелік селфи жасап, бейнероликтер түсіріп, тамаша көңіл күйге бөленді.


14.09.2019