
06.07.2019
Жетісу ауданында «Нұр-Сұлтан күні» өтті
06.07.2019
2019 жылдың 06 шілдесінде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Құлагер ш/а «Гүлдер» саябағында еліміздің астанасы «Нұр-Сұлтан күніне» арналған «Ұлы дала Елордасы!» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Бағдарламада қазақ эстрада жұлдыздарының жанды дауыста орындаған тақырыпқа сай әндері шырқалған концерт, сондай-ақ мерекелік сауда, балалар үшін ойын аттракциондары қойылды. Мерекелік шара барысында көрермендердің қатысуымен түрлі сайыстар ойнатылды. Осы күнгі болған ыстық ауа-райы Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындарына «Нұр-Сұлтан күні» мерекесін атап өтуге кедергі болған жоқ.
.