Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2019
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өзінің барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір бұл – зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып береді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – зейнетақы жүйесінің жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешенді хабарландыру.

Іс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

 

Сіздерді «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалының келесі мекенжайлары бойыншакүтеміз:  

Бөлімше №1                 Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ықшамауданы,

Толе би к-сі, 15 «Б».

Бөлімше №6                 Алматы қ., Медеу ауданы, Төлебаев к-сі, 38/61, литер «В» (Қонаев көшесінен кіру, Мақатаев к-сі қиылысы).

Бөлімше №7                 Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко к-сі, 80,

(Желтоқсан к-сі қиылысы.)

 

Байланыс тұлға – Абуева Гулдана Нургалиевна

Байланыс телефондары – 8 727 330 9838, 8 778 888 7366

13.09.2019