Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2019

Ардақты ақ сақалды аталар, ақ жаулықты әжелер! Баршаңызды қарттар күні мерекесімен құттықтаймын. 1 қазан қарттар күні 1991 жылдан бері ЮНЕСКО шешімімен аталып өтіліп келеді. Бүгін қазыналы қарттарға құрмет көрсету күні. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының күні. Қарты бар ел қазыналы деген халқымыз. Сіздер біз үшін ақыл айтар данагөй, жол көрсетер шамшырақ, ізгілікке үйретер тілеуқор жансыздар. Бүгін әлем жұртшылығы қарияларды ыстық ықыласына бөлеп, құрмет төріне шығарып жатыр. Атаулы күнге орай Алматы қаласында қазан айында дәстүрлі түрде Қарттар айлығы аталып өтіледі. Осы мерзімде біз аға буын өкілдеріне барынша қолдау көрсетіп, сондай-ақ мұқтаж жандарға да көмек қолын созамыз. Қарттар айлығын мерекелеу аясында Жетісу ауданы әкімінің аппараты соғыс және еңбек ардагерлерімен, соғыс қатысушыларының жұбайларымен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, жалғыз тұратын қарт адамдармен кездесулер ұйымдастырып, қайырымдылық түскі ас, азық-түлік себетін тарату, мұқтаждарды қатты отынмен қамтамасыз ету секілді игі істер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, емдеу мекемелерінде «Ашық есік күндері» өткізіледі.Бүгінгі мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Арамызда ұзақ жасап, өмір сабақтарын үйретіп жүре беріңіздер.



01.10.2019