
06.11.2017
Жетісу ауданының мүмкіндігі шектеулі балалары «Немо» дельфинарийін тамашалады
06.11.2017
2017 жылдың 06 қарашасында Еліміздегі патриоттық рухты көтеруге бағытталған Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасы аясында, Жетісу ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен «Немо» дельфинарийінің «Морская фиеста» атты шоуын тамашалады. Балалар теңіз мысықтарымен дельфиндерінің өнерлерінен естен кетпес әсер алды. Жетісу ауданы әкімінің аппараты мүмкіндігі шектеулі балалардың аталған шоуды тегін тамашалауына ықпал еткен «Немо» дельфинарий ұжымына алғысын білдіреді. Бала, өміріміздің гүлі мен мәні болып табылады.