Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.04.2018
Жетісу ауданының 50 зейнеткері Алматы қаласының әсем жерлерін аралады

2018 жылдың 27 сәуірінде мамыр мейрамдары қарсаңында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен 50 зейнеткер үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. Ардагерлерге арналған экскурсия Жетісу ауданының қариялары үшін алматылық жерасты жолы – метросының «Райымбек батыр» бекетінен «Москва» бекетіне дейін жүрумен басталды. Әрі қарайғы автобустық саяхаттың келесі аялдамасы – ҚР Тұңғыш Президентінің саябағымен жалғасын тапты. Ол жерде ардагерлер серуендеп, өмірлік естелік кездерін еске түсірді. ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан кейін қариялар Алматыдағы халықаралық шаңғы трамплиндер кешеніне жеткізілді, онда тек қана трамплиннен секіру жарыстары ғана емес қалалық ірі көлемде ұйымдастырылатын мәдени-бұқаралық шаралар да өткізілетіні айтылды. Зейнеткерлер экскурсиясы Панфилов көшесі бойында жаңартудан өткен жаяу жүргінші аймағымен Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін жаяу серуендеумен аяқталды. Ауданның ардагерлері жаңа Арбатпен бірінші рет серуендеп жүріп өтті. Шақырылған ардагерлер мен зейнеткерлер ұйымдастырылған іс-шараға өз алғыстарын айтып, алған әсерлерімен өзара бөлісті.

27.04.2018