
23.10.2019
"Экосағат"
23.10.2019
Жетісу ауданы аумағында орналасқан №109 жалпы білім беретін мектепте "Экосағат" акциясының аясында Жетісу ауданы Қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің ұйымдастыруымен, 12 дана бозарша ағаштары отырғызылды. Бұл іс-шарага демеу көрсете отырып, ағаш отырғызу жұмыстарына қатысқан Жетісу ауданында орналасқан «ЭлектроКомплектАзия» ЖШС мекемесі. Жас ұрпаққа үлгілі іс көрсеткен, қаламыздың көгалдануына үлес қосқан мекемеге алғысымызды айтамыз. Табиғатты аялау тек экологтардың міндеті емес, басқа да ұйымдар осылай ат салысып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.