Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2015
Түзеу іс-шаралары пробация қызметінің үлесінде

Қазіргі таңда Алматы қаласы, Жетісу ауданының пробация қызметінің жұмысын үйымдастыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығы. Еуропалық мемлекеттердегі сияқты сотталғандардың түзелу және олардың жаңа қылмыс жасамауын ескерту шараларын жүзеге асыру басты мақсатқа айналып отыр.

Бүгінде қылмыстық жазаны ізгілендіріп, қылмыс жасаған адамдарға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту бағытында да атқарылып жатқан іс-шаралар жеткілікті. Соның бірі-сот үкімімен шартты түрде сынақ мерзімінде сотталған жазасын өтеушілерді есепке алу. Мұны Алматы қаласы, Жетісу аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жүргізеді және сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тартылғандар мен бас бостандығынан шектелгендердің, жаза өтеу мерзімдері кейінге қалдырғандар шартты түрде сотталғандардың түзелу жолына түсуіне ықпал етеді.

Алматы қаласы, Жетісу аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жазасын өтеушінің мінез-құлқын бақылап, есеп береді. Ол үшін сотталушының отбасында болып, оның ата-анасымен, көршілерімен пікірлесіп, оның мінез-құлқындағы өзгерістермен танысады, оларға психологиялық көмек көрсету іс-шараларын ұйымдастырады. Әрине, жаза өтеушілердің уақытылы келіп, өзінің дұрыс жолға түскендігін дәлелдеп, бұрынғы жасаған қылмысы үшін өкінетіндері де аз емес. Сондай-ақ, шартты сотталған азаматтырдың арасында соттылық мерзімінен ерте босату жөнінде қалалық сотқа ұсынымдар жіберіліп, мерзімінен бұрын босатылатындар да кездеседі. Алматы қаласы, Жетісу аудандық пробация қызметінің атқаратын іс- шаралары-осындай жауапкершілігі мол, сан қырлы.

18.06.2015