Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

07.12.2017
Жетісу ауданының келесі көшелерінде бірбағытты қозғалыс енгізілмек

Жетісу ауданы әкімшілігі Алматы қаласының ІІБ ЖПБ бірлесе, 2017 жылдың 10-шы желтоқсан айынан, аудан тұрғындарының көптеген шағымдарына байланысты, Геологов, Шелихова және Лисаковская көшелерінің бойымен бірбағытты қозғалыс енгізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты, Шелихова-Лисаковская көшелерінің бойымен қозғалыс келесі бағытта өзгереді: Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытқа қарай Шелихов көшесіне бұрылуға тыйым салынады, Лисаковская көшесімен қозғалыс батысқа қарай бір бағытты, аталған көшеге тек Рысқұлов даңғылынан кіруге болады.

Геологов көшесіндегі қозғалыс, Геологов көшесінің бойымен Первомайская нефтебаза көшесінен бастап, Көкжиек ықшам ауданынынң кіреберсісіне дейін бірбағытты өзгереді. Осылайша, Алматы облысынан оңтүтстік бағытқа қарай жүретін көліктер Солүстік айналым көшесіне тек Первомайская нефтебаза көшесімен жүруге мәжбүр болады. Бұл шаралар қарбалас уақытында автокөлік кептелісін азайту үшін жасалуда.

Бірінші уақытта тиісті жол белгілерін орнатқаннан кейін, жол-патрульдік полициясы қызметкерлері тарапынан тек ауызша сипаттағы шаралар қолданылатын болады.


07.12.2017