Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.08.2018
Жетісу ауданы әкімінің аппаратында өткен ХХІII есеп беру-сайлау конференциясында Нұр Отан партиясының Жетісу аудандық филиалының 2017-2018 жылдағы жұмысының нәтижелері тыңдалып талқыланды

2018 жылдың 28 тамызында Жетісу ауданы әкімінің аппаратында аудандық «Нұр Отан» партия филиалының төрағасы-Жетісу ауданының әкімі М.І.Тәжібаевтың төрағалығымен ХХІII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға саяси кеңес және партияның саяси кеңес бюросының мүшелері, Алматы қаласы мәслихаты партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, бастапқы партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы Қазанбаев Қадыбай Омарұлы қатысты.
Отырыста «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Саяси кеңесінің жұмысы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 5 әлеуметтік бастамасының нәтижелері тындалды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау кезінде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, РАЕ профессоры, Күлтегін атындығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ақтамбердиева Зауре Салкеевна өз пікірін ортаға салды.
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Қазанбаев Қалдыбай Омарұлы отырысқа қатысушылардың назарын индустриаландыру мақсаты жаңа технологияларды енгізудің флагманы болуы керектігіне аударды. Көрсетілген міндетті іске асыру мақсатында жаңа индустрияландырудың талаптары бойынша стандарттау саласын қалыптастыру қажеттігіне тоқталып өтті.
- Тиімді мемлекеттік басқару, онда цифрлық технология бизнесті реттеуге, мемлекет қызмет және мемлекеттік қолдау көрсету сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттіктерін әлдеқайда толығырақ ескеруге өз көмегін тигізеді;
- Заң үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.


28.08.2018