Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.12.2018
Жетісу ауданының аумағында "Әйелдер қатынасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы жалғасуда

Жетісу ауданының аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен "Әйелдер қатынасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы жалғасуда.

Науқанның ресми түсі қызғылтсары жарқын болашақ пен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз әлемді бейнелейді.

Ағымдағы жылдың 28 қарашада ШЖҚ МҚК №11 Қалалық емханасында "әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күн" акциясы өткізілді және қабылдау күні ұйымдастырылды, онда мамандар: маммолог, акушер-гинеколог және психолог әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында қажетті кеңес берді, сондай-ақ медицина қызметкерлері арасында Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне арналған флеш-моб өткізілді.

29 қараша күні №102 жалпы білім беретін мектепте 8-11 сынып оқушылары арасындағы сондай-ақ олардың ата-аналары жиналысында гендерлік саясатты дамыту мәселелері бойынша жасөспірімдердің ата-аналары арасында хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «отбасылық құндылықтар», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Аталған кездесу Жетісу ауданы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Г. В. Құрбанбаеваның және №11 емхананың психологы Н. Исмуханованың қатысуымен өтті.

30 қарашасында №110 мектеп-гимназиясында 8-11 сынып оқушыларымен "жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу", "отбасылық құндылықтар", "тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу"тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында "Бұл тарих жеке ма" атты видеоролик көрсетілді.

Сонымен қатар 30 қараша күні №101 мектеп –гимназиясында "әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында Жетісу ауданы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы М. У. Момынқұлованың, Жетісу ауданы ПБ ЖПҚБ әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы полиция майоры Г. В. Құрбанбаеваның және №11 емхананың психологы Н. Исмуханованың қатысуымен "Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" аясында 8-11 сынып оқушылары арасында "Бақытты отбасы – бақытты ел!" ұранымен суреттер мен шығармалар байқауы ұйымдастырылды.

Байқау жеңімпаздары Жетісу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Д. Т. Омаровтың атынан мадақтамалармен және Жетісу ауданы әкімдігі тарапынан бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

4 желтоқсанда №179 мектепке дейінгі балалар мекемесінде мекеме қызметкерлері арасында әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және қоғамдық жерлердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекеме қызметкерлері әйелдерге қатысты және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылық статистикасымен танысты.

 


04.12.2018