Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

31.01.2018
Жетісу ауданы әкімінің аппаратында өткен кезектен тыс ХХІ конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында аудандық «Нұр Отан» партия филиалының төрағалығымен кезектен тыс ХХІ конференциясы өтті. Конференцияға саяси кеңес және партияның саяси кеңес бюросының мүшелері, Алматы қаласы мәслихаты партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, бастапқы партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы Қазанбаев Қадыбай Омарұлы қатысты.

Отырысты аша отырып, Жетісу ауданының әкімі М.І.Тәжібаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына кезекті Жолдауының соңғы уақыттағы басты қоғамдық-саяси жағдайлардың бірі екендігін атап өтті. Онда, Елбасы дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға бағытталған дамудың 10 басты бағыттарды анықтап бергені айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
кезінде философ-публицист, Журналистер одағының мүшесі Абдраимов А.Б., кәсіби білімді ақпараттандыру ҒЗИ директоры, педагогика ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шетел тілдері әдістемесі кафедрасының профессоры Дина Джусубалиева өз пікірлерін ортаға салды.

Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Қазанбаев Қалдыбай Омарұлы отырысқа қатысушылардың назарын индустриаландыру мақсаты жаңа технологияларды енгізудің флагманы болуы керектігіне аударды. Көрсетілген міндетті іске асыру мақсатында жаңа индустрияландырудың талаптары бойынша стандарттау саласын қалыптастыру қажеттігіне тоқталып өтті.

- Тиімді мемлекеттік басқару, онда цифрлық технология бизнесті реттеуге, мемлекет қызмет және мемлекеттік қолдау көрсету сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттіктерін әлдеқайда толығырақ ескеруге өз көмегін тигізеді;

- Заң үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді;

- «Smart city» технологиясын енгізу ұлғайып келе жатқан қалалардың мәселелерін тиімді шешуге және инвесторлар үшін қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.


31.01.2018