Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.03.2018
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Мемлекеттік  атаулы  әлеуметтк  көмек  2001 ж. 17 шілдедегі № 246-II  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес  төленеді.   

1.Жан  басына шаққандағы орташа табысы  кедейлік  шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы  жоқ  адамдардың  атаулы  әлеуметтік  көмек  алуға  құқығы  бар.  АӘК отбасының табысы әрбір мүшесіне есептегенде ең төменгі күн көріс деңгейінің 50%-нан кем болған отбасыларға  ұсынылатын болады.Табысы  көрсетілген  сомадан  аз  азамат  өзінің  тұрғылықты  ауданы  бойынша  Жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөліміне  өтінішпен  жолығулары  тиіс.  Атаулы  әлеуметтік  көмек  алуға  үміткер  адамның  (отбасының)  жиынтық  табысын  анықтау  атаулы  әлеуметтік  көмек  алуға  өтініш  жасалған  кезде  табыс  етілетін  құжаттар   өткен  тоқсанның  табысы  негізінде  жүргізіледі.  Атаулы  әлеуметтік  көмек  өтініш  беріліп  отырған  айдан  басталады. Көмек  шартты,шартсыз ақшалай көмек болып,екіге бөлініп  тағайындалады.

1)  Шартты ақшалай көмекті құрамында кем дегенде 1 еңбекке жарамды тұлғасы бар отбасыларға ұсынылады.Міндетті шарт: әлеуметтік шарт жасау және отбасындағы барлық жумыссыз еңбекке жарамды мүшелерінің жұмыспен қамту жәрдемдесудің шараларына міндетті түрде қатысуы.

2)  Шартсыз ақшалай көмекті құрамында еңбекке жарамды мүшелері жоқ отбасылар немесе отбасындағы еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтындар алады (мысалы 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасап жүрген ана 1,2 топ мүгедектері). 

Біздің мекен жайымыз: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Мақатаев көшесі 142 үй, Сейфуллин көшесінің қиылысы

14.03.2018