Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.11.2017
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық пен назар аудару

Еліміздегі патриоттық рухты көтеруге бағытталған Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасы аясында, демеушілік және басқа да көмек түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында, 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының басшылығымен жарияланған – 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлуе бағытталған және әлеуметтік бейімделуіне байланысты, аудандық кәсіпкерлердің қолдауымен үйге қызмет көрсететін психоневрологиялық ауруымен ауратын балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Отау» тойханасында «Тәтті шай»  қайырымдылық түскі асы беріліп, аниматорлар (сабын көпіршіктері, твистинг, түрлі ойындар, конкурстар және т.б.) шоу бағдарламалары ұйымдастырылды. Балалар ойын ойнап, ән салып, конкурстарға белсенді ат салысты. Сонымен қатар, балаларға тәтті сыйлықтар берілді.

Мүмкіндігі шектеулі (аз қамтылған, жүре алмайтын) балаларға үйлеріне құттықтап, азық-түлік және тәтті тағамдар тарту етілді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты«Мүгедек балалар және психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесінің мүмкіндігі шектеулі балаларына өз тарапынан көмек және қамқорлық көрстекені үшін «Астық» ЖШС-нің, «Адильбекова» ЖК-нің және «Алмаз» КШ-ың басшылығына алғысын білдіреді.


29.11.2017