Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.12.2018
Жетісу ауданының ерекше балаларына ерешке қамқорлық

1992 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық мүгедектер күні Жетісу ауданының ерекше балаларына қамқорлық жасау мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелеріне және олардың әлеуметтік бейімделуіне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Мемлекет Басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Жетісу ауданының гендерлік саясаттын жүзеге асыру аясында, Халықаралық мүгедектер күні Жетісу ауданының кәсіпкері, Алматы қаласы Жетісу ауданының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі Наурузбаева Сәуле Ақылбекқызы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған криотивті іс-шара ұйымдастырды.

Бүгінгі күні аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бөлімшесінде 60 мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр, олардың ішінде ата-аналарымен бірге 35 ерекше бала "Diamond karaoke club"-та ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада болып қайтты.

Мерекеде аниматорлардың қойылымы, аква гриммен әсем суреттеу, мерекелік үстел, дискотека, караоке және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылды. Балалар сабын көбіктерінің керемет шоуы мен шоколадты фонтанды тамашалады. Мерекеде "Яшлық" тобының әншісі Бахтияр Хасанов пен шоу - мэн Муса балаларға әндерін шырқап, өнер көрсетті. Іс-шараға Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері: әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор Г. В. Құрманбаева, № 11 МЕ психологі Н. А. Исмуханова және ҚР «Жастарға жол» ҚҰ Президенті Гасанов Рафаэль қатысты.


03.12.2018