Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.01.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Алматы қ. Жетісу ауданы әкімі М.И. Тажибаевтың тұрғындармен есептік кездесулері 2019 жылдың 15-ші қаңтар айынан бастап ақпан айының 2-і аралығында өткізіледі.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУДІҢ ЖЕЛІЛІК КЕСТЕСІ

 15 қаңтар 2019 жыл – 02 ақпан 2019 жыл

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі

күні

15.01.2019

18.01.2019

21.01.2019

24.01.2019

28.01.2019

30.01.2019

02.02.2019

Апта күні

сейсенбі

жұма

дүйсенбі

бейсенбі

дүйсенбі

сәрсенбі

сенбі

Өткізу орны:

 

Мәдениет үйі

Первомайский ы/ауд.

 

Жетісу ауданының әкімшілігі

Құлагер ы/ауд.

 

ЖББМ

№87

Дорожник ы/ауд., 38а

 

ЖББМ

№109

Гончаров к-сі, 23

 

ЖББМ

№137

Айнабұлақ-2 ы/а, 65а

 

ЖББМ

№177

Көкжиек ы/а, 63

 

ЖББМ

№80

Победа көшесі, 22

 

Уақыты:

 

12:00

10:00

15:00

10:00

12:00

15:00

12:00

Қатысушылардың жоспарланған саны

 

150

250

200

350

300

350

150

 ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қаржы

2018 жылға Жетісу ауданының бюджеті 75505,3 мың теңге құрайды. Бюджеттің орындалуы 100 %.

Салықтар

Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік бюджет болжамы 2018 жылға 132 602 млн. теңгені құрайды, орындалу пайызы 102%.

Республикалық бюджет болжамының сомасы 98 232 млн. теңгемен  анықталды, дәйектісі 99 551 млн. теңге, орындалу пайызы 101%.

Жергілікті бюджет болжамының сомасы 34 370 млн.теңгемен анықталды, дәйек негізінде бюджетке 35 802 млн. теңге түсті, орындалу пайызы 104% құрайды.

 Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданда қолданыстағы бағаларда 174,1 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері шығарылды.

Барлық өнеркәсіптердің физикалық көлемінің индексі 103,5% құрады.

Ауданның қаңтар-қараша айлары негізгі капиталға инвестицияның көлемі 39,6 млн.теңге құрады.

Ауданның ірі және орташа кәсіпорындары бойынша жұмыскерлердің орташа айлығы – 155 722 теңге., жұмыспен қамтылғандар саны – 42 755 адам.

2018 жылдың бірінші желтоқсанына аудан кәсіпорындарында 4069 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Шағын өнеркәсіп

Бөлшек сауда тауарайналымы қаңтар-қараша айларына 675,5 млрд.теңгені құрады, немесе қалалық көрсеткіштен 26% .

Көтерме тауар айналымы жүзеге асырудың барлық арналары бойынша 1 200 млрд. теңгені құрады немесе қаланың көтерме тауар айналымының 12,5%.

 Ауданды көріктендіру

Жетісу ауданы аумағында ұзындығы 267,1 км, жалпы көлемі 2 557 435 м2, 269 көше бар, жалпы көлемі 10,66 га құрайтын жол айрықтары, көлемі 37,72 га құрайтын көріктендірілген аймақтар (саябақ, арбат, бақтар - 13, жасыл аймақ - 6 ), көлемі 47,85 га болатын көріктендірілмеген аймақтар (жасыл аймақ -21, бөлу жолақтары – 5, жол жиектері - 45), көлемі 2803,4 м2- 17 жер үсті өткелі, ұзындығы 91,656 км арық жүйелері, ұзындығы 316,763 км құрайтын, 120 басқару шкафы, 10 055 көше жарығының шамдары орналасқан.

2018 жылда 30 мекенжай бойынша 500 дана жарық диодты шамдары орнатылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру щеңберінде 2018 жылдың шілде айында Первомайский шағын ауданында аумақты көріктендіру бойынша 160 м2 көлемінде жол төселді, жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу және сырлау жұмыстары жүргізілді.

«Қала Көркейту» ЖШС мердігер ұйымымен 403 ағашты санитарлық сүру, 5438 ағашты санитарлық кесу, 2400 ағаштарды үш мәрте қалыптап кесу, 330 ағашты тоғысуы, әртүрлі сұрыпты 400 ағаш өтемдік отырғызылды.

Сондай-ақ, ауданды гүл-сәндік көгалдандыру жүргізіліп, 4535м2- гүлзарлардағы гүлдер, 466 м2- кан, 1133 м2- қызғалдақ отырғызылды, 19 - вазон орнатылды.

Аудан аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, апта сайын көктемгі кезеңде «Таза бейсенбі» және «Жергілікті сенбіліктер» Айнабұлақ – 1, 2, 3, 4, Құлагер, Көкжиек ықшам аудандарында, Есентай, Кіші Алматы, Сұлтан Қарасу өзендерінің арнасында өткізілген, мердігер ұйымдардың басшыларымен елді мекендердің тазалығы мақсатында күн сайын шығу жұмыстары ұйымдастырылған.

Қыс мезгілінен кейін бүкіл аудан бойынша шоғырланған қатты тұрмыстық қалдық пен қоқыс шығарылды.

21.04.2018 жылы жалпы қалалық сенбілік өтікізілді, онда 11912 адам, 52 тірлік техника (самосвал, тиегіш көлігі, трактор, микроавтобус), 2800 п/м арық желісі тазартылды, 735 текше метр қоқыс алынды (қатты қалдықтар, бұтақтар, жапырақтар), бастамалық негізде Дорожник ш/а, Есентай өзенінің бойында 500 дана Сиверс алма ағаштары отырғызылды.

2018 жылы 20 қазанда өткен жалпы қалалық сенбілікке Жетісу ауданы белсене қатысты. 72 бірлік техника самосвал, тиегіш көлігі, трактор, микроавтобус), 11 005 адам қатысты, тазартылған арық желісі 5,6 мың текше метрді құрады, 700 метр өзен арналары тазартылды, 1380текше метр қоқыс шығарылды (қатты қалдықтар, бұтақтар, жапырақтар), 58 дана ағаштар отырғызылды.

Ауданның санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін 5 қоқыс шығару ұйымы жұмыс істейді.

Барлық қоқыс шығарушы ұйымдар 47 бірлік арнайы техника, 190 жұмысшымен қамтамасыз етілген.

Апта көлемінде орташа 1705 тонна тұрмыстық қалдық шығарылады, есептік кезеңде 57 650 тонна қоқыс шығарылды.

2018 жылда :

1) 13 мекенжай бойынша ұзындығы 9,759 км жолдарды орташа жөндеу;

2) ауданның 28 көшесі бойындағы жалпы ауданы 10 189,19м2 жолдарда шұңқырларды жөндеу;

3) жалпы ұзындығы 425 м арық желілерін ағымдағы жөндеу, келісімшарт сомасы 20 447 млн. теңгені құрады.

4) жерасты жаяу жүргінші өткелдерін күрделі жөндеу, келісімшарт сомасы 246 657,5 мың теңгені құрайды. Барлық өткелдер қолданысқа енгізілді.

5) мердігер ұйымы «Корпорация ТАС» ЖШС «Думан» зиратын салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, келісімшарт сомасы 36,792,000.00теңге.

 Коммуналдық шаруашылық

Есептік кезеңде ауданның санитарлық тазалығы, қоқыс шығару жұмыстары, жылыту маусымының өтуі мен қыс апаттық жағдайлары бойынша 61 мәжіліс өткізілді. ЖПИК-тердің аула ішілік және қарасты аумақтың санитарлық тазалығын 236 аула сыпырушы күнделікті жүзеге асырады.

Аудандағы барлық ЖПИК атқарған жұмыстары жөнінде 3тоқсан бойынша есептері Алматы қаласы ЖПИК Ассоциациясының сайтына орналастырылды. ЖПИК–ің қаражатынан 37 309 242 теңгеге 177 үй жөндеуден өтті.

Мемлекеттік- жеке әріптестік шеңберінде, Райымбек даңғылы, 149 үй, Абылай хан даңғылы, 18 үй тұрғын үйлерің қасбетінің жөндеу жұмыстары «Саурыков» ЖШС күшімен жүзеге асырылды.

Жыл көлемінде 12 ЖПИК-дің басшыларына қатысты әкімшілік айыппұлдар салынып, 22 хаттама толтырылды 560 АЕК (1 346 800 теңгеге).

Жетісу ауданы бойынша 2017-2018 жж. жылыту маусымы сәтті іске қосылды. 2018-2019 жж. жылу беру кезеңінен бастап барлық әлеуметтік нысандар (21 мектеп, 22 балабақша, 5 денсаулық сақтау нысандары) және 660 қөп қабатты тұрғын үйлері 100 % жылумен қамтамасыз етілді олардың ішінде: 588 үйлер – орталық жылу жүйесіне қосылды, 72 үй – жеке жылу.

Аудан бойынша жалпы есептегіш құралдары орнату мүмкіндігі бар тұрғын үйлердің саны –278, және жалпы есептегіш құралдары орнату мүмкіндігі жоқ тұрғын үйлердің саны (ескі қауіпті, жеке жылыту жүйелері бар тұрғын үйлер) – 75. 2018 жылы 67 үйде жалпы есептегіш құралдары орнатылды.

2018 жылы Жетісу ауданы бойынша «2011-2020 жж. ҚР ТКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша, «Алматы Тұрғын Үй» ЖШС-не 32 үйге тапсырыс берілді.

15 үйде жұмыстар аяқталды. 2019 жылға 50 үй бойынша тапсырыс беру жоспарлануда.

2019 жылы Жетісу ауданында «Жилстройсбербанк» АҚ-ы, «Риголит» және «Г.С.Г. Высотник» ЖШС-мен жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Әзірленген жоба бойынша, «Риголит» ЖШС-гі Райымбек даңғылы 241 және Боткин көшесі 1,3,5,7,9,11,13,15,17 мекенжайларында 10 үйді сүру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұзылған үйлердің орнына 9 қабатты 11 көппәтерлі тұрғын үй тұрғызылмақ. Аумақтың жалпы ауданы – 2,2 га, құрылыстың жалпы ауданы- 4354,49 ш.м., кешеннің жалпы ауданы- 37410 ш.м., пәтерлердің жалпы саны -513 дана құрайды.

 «Г.С.Г. Высотник» ЖШС-мен Боткин көшесі 2,4,6,8,10,12,14,18, Скрябин көшесі 4, 6, 8, 10  тұрғын үйлерді сүру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі уақытта, «Г.С.Г. Высотник» ЖШС-мен тұрғын үй құрылысының орны анықталды (Ботник көшесі, 12 үйдің маңында). Қазіргі таңда, «Г.С.Г. Высотник» ЖШС мен «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ЖШС-ің арасында жер телімдерін бөлу бойынша меморандумға қол қою мәселесі қарастырылу үстінде.

Қазіргі таңда «НК «СПК» АҚ-ы «Риголит» ЖШС-мен бірлесе жер аумақтарының тіркеу аукционын жүргізу сұрағы қарастыруда.

Есептік кезеңде 46 шақырым су және кәріз желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы 196 түрлі төтенше жағдайлар орын алған. Барлық зақымдар апатты жою қызметтердің күшімен қалпына келтірілді.

Жергілікті бюджеттен 94 аула ішілік бордюрлерді, тақта тасты, асфальттік бетондық жабындыны ауыстыру, шағын сәулет нысандарын орнату, сыртқы жарықтандыру желілерін және балалар ойын алаңдары үшін қауіпсіз жабынды төсеу бойынша күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

 Әлеуметтік сала

90 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 23678,81 теңге төленді.

Жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетудің бір түрі тұрғын үй көмегін көрсету болып табылады, 250 отбасына 4 241 184 теңге көлемінде коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетілді.

3 697 184 жалпы сомасына 26 ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 6,5АЕК мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындалған.

1088 адам жыл сайын әр семестрде 7 АЕК мөлшерінде жарты жылда бір рет тапсырылатын әлеуметтік көмек алды, жыл басынан бері берілген шығындардың жалпы сомасы 33 585825 теңгені құрады.

Азаматтар үшін 12 АЕК мөлшерінде ай сайын 81 адам әлеуметтік қызмет алды, амбулаториялық емдеу сатысында және туберкулезге қарсы диспансерде тіркелген жалпы сомасы 11 596427 теңгені құрады.

Орташа есеппен адам басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 783 адамға 10 АЕК көлемінде жалпы сомасы 16 570 638 теңгені құраған.

Жағдайы төмен 87 отбасына жалпы сомасы 100170 теңгеге бөлінген жеке ыстық және суық суды есепке алу құралын сатып алуға, орнатуға және тексеруге арналған шығындарды өтеу үшін 2 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек берілген.

58 отбасына 100 076 950 теңге көлемінде 200 АЕК (өрт) мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалды.

Санаторлық-курорттық емделуге 290 зейнеткер жіберілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі қаулысына сәйкес мүгедектерге техникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді: 337санитарлық-гигиеналық құрал берілді, жеке көмекші мәселесі бойынша 265 өтініш, тілдік маманның қызметіне байланысты 33 өтініш қабылданды, санаторлы-курорттық емдеуге 420 мүмкіндіктері шектеулі адамдар жіберілді.

42 тифло-техникалық құралдар мен 61 сурдо-техникалық құралдар берілді.

Арнайы қозғалыс көліктері, мүгедектер арбалары (жаяу және бөлме ішінде жүру үшін) 89 өтініш қабылданды, 84 көмекші құралдары берілді, протездік-ортопедиялық орталықтарға 286 жолдама, кохлярлық имплант қызметіне 2 өтініш берілді.

2018 жылдың 25 желтоқсанына медико-әлеуметтік мекемелерге 85 адам жіберілді.

Егде жастағы зейнеткерлерге үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 46 өтініш келіп түсті, 10 мүгедек балаға қамқорлық көрсетілді, барлық құжаттар Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберілді.

2018 жылы Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және соғыс ардагерлерінің жесірлері мен теңестіріген соғыс ардагерлерінің қатысушылары мен қаза тапқан отбасыларына және із түссіз жоғалып кеткендерге немесе жарақат, контузия, зақымдану, өлім-жітім, Ауғанстан оқиғасына қатысушы 449 азаматқа 28 450 000 теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Әулеметтік қорғау саласында «мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту» бойынша 85 адамға 4 366 497 теңге бөлінді.

Аудандық көп балалы 13 анаға (6-7 жастағы және одан да көп бала тәрбиелеген) «Алтын алқа» және «Күміс алқа»алқаларыменмарапатталды.

Бостандыққа шыққан реаблитациялық тұлғаға куәлік алу үшін 3 өтініш тиісті органдарға  жіберілді.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және тіркеу комиссиясын қарау үшін азаматтардан104 өтініш келіп және 97 куәлік алынды.

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 маусымға дейінгі мерзімде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдар үшін жұмыс тәжірибесін белгілеу жөніндегі комиссияны қарау үшін 30 іс қаралды.

Комиссияның қарауына аудандық ересектерге қамқорлық және қорғаншылық жасау туралы 24 өтінім келіп түсті.

Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінде жалғыз басты, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге арналған үйде 4 әлеуметтік көмек бөлімі жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлер саны - 32 қызметкер және 4 бөлімше басшысы. Бөлімде 238 жалғызбасты қариялар және 22 мүгедек бар.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді, бөлімшеде бала саны 59. Әлеуметтік қызметкерлер қоршаған ортаға балаларды бейімдеу қызметтерін ұсынады.

 Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының 2018 жылғы мәліметі бойынша, 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 3 028адам «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не тұрақты жұмысқа орналасты –2 137 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған - 125 адам; жастар тәжірибесіне - 122, қоғамдық жұмыстарға - 348 адам; қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға - 161 адам; жұмыссыздардың саны 135 адамға жетті.

 Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу

Есепті кезеңде зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларының жалпы саны 26 042 адамды құрады. Есепті кезеңде төленген зейнетақының мөлшері 1 241 488 062 теңгені құрады, төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері – 185 851 303 теңге. Ең төменгі зейнетақы 36 108 теңгені құрайды, ең жоғарғы зейнетақы – 87 113 теңге.

        Қоғамдық қауіпсіздік

2018 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу ауданында барлығы 6 333 құқықбұзушылық тіркелді, оның ішінде: қылмыс 6 024, теріс қылықты құқықбұзушылық 309.

 Тіркелген қылмыстың 5 608 орта және жеңіл қылмыстар, 416 ауыр және аса ауыр қылмыстар.

2017 жылмен салыстырғанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды 26,8% (568-ден 416-ға), яғни 152 қылмысқа төмендетілді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстардың ашылу пайызы 24,6% құрады (2017 жылы 23,1%), оның ішінде: қылмыстарды ашу 21,7% (2017 жылы 19,6%), теріс қылықты құқықбұзушылық 99% (2017 жылы 99%) , ауыр және аса ауыр қылмыстарды 36,4% (2017 жылы 36,4%) бірқалыпты.  

Учаскелік полиция инспекторларымен қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстың алдын алуда, ескертуде және ашуда, сонымен қатар, алдын алу әсеріне бейімді тұлғалармен жұмыс жасау үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілді.

Штаттық тізбесіне сәйкес 52 учаскелік полиция инспекторлары бекітілген (43 учаскелік инспектор және 9 учаскелік инспекторлардың  көмекшілері).

Жетісу ауданының аумағы 39,6 мың шаршы километр құрайды. 19 063 жеке меншік және 660 көп қабатты үйлер орналасқан, 165 401 аудан тұрғыны бар.  Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау 11 патрульдік учаске аумағына бөлініп, 11 учаскелік полиция пункті қамтылған.

Аталған мерзім ішінде учаскелік полиция инспекторларымен жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде 700 қылмыс (2017 жылы 634) ашылып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10,4% -ға жоғарлады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметімен барлығы 5 204 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 25 517 953 тенге айыппұл салынды, оның 7 425 743 тенге немесе 29% өндірілді.

 Аудандық денсаулық сақтау

Жетісу аудандық медициналық бірлестігі №11қалалық емхана, №21 қалалық емхана, Құлагер алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі - 3 мемлекеттік және «Асыл Нұр клиникасы» ЖШС-ден, «АМС» ЖШС 2 жеке меншік 2018 жылы мемлекеттік тапсырыс алған. Ауданда барлығы 116805 адамға қызмет көрсетіледі, олардың ішінде ересектер - 679716, балалар-33201, жасөспірімдер 3 885.

Ауданның барлық емханалары жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған. Есепті кезеңде емханаларда 108504 адамға қызмет көрсетілді.

Туберкулездің алдын алу үшін жыл сайын емханаларда флюорографиялық зерттеулер жүргізіледі. Осы кезеңде 94291 адам (жоспар 94291 адам) зерттелді, іске асырылуы – 100%.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін клиникаларға 172 квота бөлінді.

Жыл бойы ауданда 2 291 бала туылды, ол өткен жылмен салыстырғанда 8% жоғары (2017 жылы 2109 бала туылған).

2018 жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

 Білім беру

Жетісу ауданында 21 орта білім беру ұйымы жұмыс жасайды, контингент 25373 оқушыны құрайды.

Ағымдағы оқу жылында ауданымыздың мектеп оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар байқауларында белгілі нәтижелерге қол жеткізді.

Педагогтар жетістігі:- Республикалық «Үздік педагог» атты байқауда №57 ЖББМ қазақ тілі және қазақ әдебиетінің мұғалімі Тауекелова Гулбану Қонысбайқызы 1 орынды иеленіп 2 400000 тг. сыйақы алды.

Аудан бойынша мектеп бітіруші – 568 оқушы. 2018 жылы мемлекеттік емтихандар қорытындысы бойынша негізгі және орта білім туралы аттестатты барлық мектеп бітірушілер алды. 42  түлек «Алтын белгі» орта білім туралы аттестат алды, 17 оқушы мектепті үздік бітірді.

Ұлттық тестілеуге 2018 жылы 19 мектеп 458 оқушы қатысты, ол 80,6% құрайды, 2016-2017 оқу жылымен  салыстырғанда 53 оқушыға көбірек.

Аудан бойынша орташа балл – 105,4, былтырмен салыстырғанда 19,5%-ға жоғары.

Шығармашылық емтихан тапсырғандар – 26 оқушы.

 Мектепке дейінгі білім беру

Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік балабақшалар саны - 22, ондағы бала саны -4948, оның ішінде арнайы түзету (сөлеудің бұзылуы) - 1, ондағы бала саны -90, санаторлы балабақша - 1, ондағы бала саны - 100, толық емес күнге мектепалды даярлық топтары - 15 балабақшада бар, ондағы бала саны - 375.  Аудан бойынша жекеменшік балабақшалар саны - 19, ондағы бала саны - 1292, шағын орталықтар - 23, ондағы бала саны - 519.

Ауданның балабақшалары заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жасайды.

 Ауданның мәдени және спорттық өмірі

Ауданның мәдени өмірі іс-шараларға толы болды. 2018 жылы барлық мемлекеттік және кәсіби мейрамдарға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді, түрлі спорттық шаралар тұрақты өткізіліп отырды, онда 33 мыңнан аса адам қатысты.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Белсенді ұзақ өмір» акциясы аясында зейнеткер мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйренуде, түрлі спорт түрлерімен айналысуда (Айкуне, у-шу).

Бөлім қызметкерлері Жетісу ауданы аумағында орналасқан жарнамалық құрылғылардың, билбордтардың мониторингін үнемі жүргізіп отырады. Осылайша, 2018 жылы 338 заңсыз жарнама нысандары сүрілді,Қазақстан Республикасының  «Тілдер туралы» заңына сәйкес 207 жарнамалық баннерлер түзетілді.

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңына және Алматы қаласы әкімдігінің «2018 жылдың сәуір-маусымында және қазақ-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына сәйкес Жетісу ауданы әкімінің аппараты аудандық қорғаныс басқармасымен бірлесе шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастырды. Қарулы күштер және басқа әскери құрамдарға шақыру тапсырмасы толық көлемде орындалды. 2018 жылы мерзімді әскер қатарына 306 адам жіберілді.

 Мемлекеттік қызмет көрсету

2018 жылда 11 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілді. Есептік кезеңде барлығы 11111 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет»ҰК» АҚ арқылы - 6296; «Электрондық үкімет»вэб-порталы арқылы- 2612 және мемлекеттік орган арқылы 2203.


04.01.2019