2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2020
Алматы қ. Жетісу ауданы әкімі М.С. Қиқымовтың тұрғындармен есептік кездесуі

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Алматы қ. Жетісу ауданы әкімі М.С. Қиқымовтың тұрғындармен есептік кездесулері 2020 жылдың 28-ші қаңтар айынан бастап ақпан айының 10-ы аралығында өткізіледі.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУДІҢ ЖЕЛІЛІК КЕСТЕСІ

  28 қаңтар 2020 жыл –10 ақпан 2020 жыл

 

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі

күні

28.01.

31.01.

03.02.

06.02.

10.02.

Апта күні

сейсенбі

жұма

дүйсенбі

бейсенбі

дүйсенбі

Өткізу орны:

Уақыты:

Қатысушылардың жоспарланған саны

 

 

Мәдениет үйі

Кемел ы/ауд.

 

 

12.00

 

 

 

120

№143 ЖББМ

Колпаковский к-сі, 26

 

 

12.00

 

 

 

120

ЖББМ

№87

Көкмайса ы/ауд., 38а

 

 

15.00

 

 

 

150

ЖББМ

№109

Гончаров к-сі, 23

 

 

10.00

 

 

 

300

 

ЖББМ

№137

Айнабұлақ-2 ы/а, 65а

 

12.00

 

 

 

200

 

Ескертпе:кездесу басталғанға дейін 1 сағат бұрын және кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады

Халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған орындардың мекенжайлары

1.      Алматы қ. Кемел ы/ауд. Мәдениетт үйі

2.      Алматы қ. Колпаковский к-сі 26, №143 ЖББМ

3.      Алматы қ. Көкмайса ы/ауд. 38а, №87 ЖББМ

4.      Алматы қ. Гончаров к-сі, №109 ЖББМ

5.      Алматы қ. Айнабұлақ-2 ы/ауд. 65а, №137ЖББМ


2019 жылғы Алматы қаласы Жетісу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

 Қаржы

         2019 жылы әкім аппаратына 6 585 308,0 мың теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінген. Орындалуы 100% құрайды.

Салықтар

          2019 жылы аудан бюджетіне салық түсімдерінің өсуі қамтамасыз етілді. Республикалық бюджетке 106,8 млрд. тенге салық жиналды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 7%-ға (7,2 млрд.теңге) артық. Жергілікті бюджетке 39,7 млрд.теңге түсті, 2018 жылға қарағанда 11%-ға (3,9 млрд.теңге) көп.

Бірінші. Экономикалық жағдай

Ауданның өндірістік көлемі 941 өнеркәсіп кәсіпорындары есебінен, оның ішінде: 37 ірі және орта өнеркәсіп орындары мен 904 шағын кәсіпорындардан құралады.

Жетісу ауданы өнеркәсіптік өндіріс көлемі жағынан 23% құрап, 8 ауданның ішінде 1 орынға ие.

Осылайша, өндірістің нақты көлем индексі 104,7% құрайды (НКИшілде – 105,5%, тамыз – 106,1%, қыркүйек - 106,4%, октябрь – 105,7%, ноябрь – 104,9%, желтоқсан – 104,7%).

Оған қоса, аудан көтерме сауда бойынша басқа аудандардың ішінде 1-орында (үлесі – 24%), және бөлшектік сауда көлемі бойынша 4-орында.

Бөлшек сауда көлемінің нақты көлем индексі 102,4% құрады, көтерме сауда көлемінің нақты көлем индексі 100,1%.

Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 1,3%-ға өскен (НКИ шілде – 93,5%, тамыз – 94,4%, қыркүйек – 96%, қазан – 101,5, қараша – 100,4%, желтоқсан – 101,3%).

Тұрғын үйді қолданысқа енгізудің нақты көлем индексі 1,3 есе артқан ( 2018 жыл – 18 мың шаршы м., 2019 жыл – 24 мың шаршы м.)

Соңғы үш айда құрылыс жұмыстарының көлемі 5,4%-ға өскен (НКИшілде – 85%, тамыз – 101%, қыркүйек – 101,4%, қазан – 101,9%, қараша – 102,2%, желтоқсан – 105,4%.).

Бір жұмысшының орташа номиналды айлығы 9,4%-ға артып, 170 380 теңгені құрады. Сонымен қатар жұмыссыздық 5,1%-ға қысқарған (320 адам).

         Екінші. Әлеуметтік сала.

«Іскер ана» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 5 тамыз күні «Бақытты отбасы» аудандық аналар орталығы ашылды. Бүгінде орталық 1000-нан аса адамды қамтып, келушілерге кеңес беріліп, тренингтер мен семинарлар жүргізіледі.

Өткен жылдың 12 қыркүйегінен бастап «Бастау Бизнес» жобасы басталды. Бұл жобаны ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүзеге асыруда. «Бақытты отбасы» орталығында 224 адам оқудан өтті, оның 67-і көп балалы отбасылар өз бизнесін дамыту үшін 505 мың тенге көлемінде 59 көп балалы отбасылар грант ұтып алды. Оның ішінде 22 көп балалы аналар, жәнеде15 көп балалы өз бизнесін ашты.

Сонымен қатар «Менің Кәсібім» жобасы бойынша 10 көп балалы анаға қажетті тауарлар мен керек-жарақтар (тігін машиналары, пештер, тоңазытқыш, маникюр құралдары, материалдар және т.б.) табысталды.

«Жас Кәсіпкер» жобасы бойынша 29 жасқа дейінгі 52 адам оқуды аяқтады.

 Үшінші. Қоғамдық қауіпсіздік

2019 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу ауданында барлығы 5702 құқықбұзушылық тіркеліп, оның ішінде 5282 қылмыс, 420 қылмыстық заң бұзушылық. Тіркелген қылмыстың 4705 жеңіл және орта дәрежедегі қылмыстар және 577 ауыр және аса ауыр дәрежедегі қылмыстар құрайды.

2018 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтың саны 10,0% (6333-тен 5702 немесе 631 қылмысқа төмен) төмендеді. 

Қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылу пайызы 26,8%  (2018 – 24,6%) құрады, оның ішінде қылмыс 22,7%, қылмыстық заң бұзушылық 99,4%, ауыр және аса ауыр қылмыстар 49,4% (2018ж. – 36,1%).

13 қыркүйектегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында 2 учаскелік полиция пункті ашылды (Көкжиек ш/а мен Есенов көш, 154/1 мекенжайы бойынша).

Аудан аумағында қылмыстық жағдай ең көп учаскелер бойынша 4 модулдік полиция пунктері: Сүйінбай көш. мен Райымбек даңғ. қиылысы, Солтүстік айналма жолы бойынша «Сәлем» базарының жанында, Айнабұлақ ш/а Жұмабаев көшесі мен Мақатаев көш.қиылысындағы №11 қалалық емхана бойында және Федоров көшесіндегі №12 үй мен Гончаров көшесінің қиылысында қойылған.

Аудан көшелері мен жолдарында жол-көлік апаттарын алдын алу жұмыстары күшейтілді. 2019 жылы 46 бейне бекеттерінде «Сергек» бейне тіркеу жүйелері орнатылды.

Ауданның әлеуметтік осал топ өкілдеріне көмек көрсету мақсатында, материалдық зардапты азайту мен өрт салдарын төмендету үшін аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып 100 улы газ датчигін орнату жүргізілді.

Төртінші. Көріктендіру

7 көшеге (Палладина, Сидоркина, Мұқатай, Волочаевская, Айнабұлақ-3 ш/а кварталаралық көшелерге) құрылыс және тротуарды салу жұмыстары жүргізілді (мердігер ұйым «Комфорс» ЖШС). Жалпы ұзындығы – 2,5км.

20 көшеге жартылай жолды жөндеу жұмыстары жүргізілді (мердігер ұйым ЖШС «МБ Дор Строй»). Жалпы ұзындығы – 16,9км.

«Жаңа Алматы» жобасын іске асыру шеңберінде бақтар мен саябақтарды көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы – 4 гүлзарлар мен 2 жаяу жүргінші жолы абаттандырылды, сондай-ақ  Айнабұлақ-2 ш/а (алаңы – 1,3 га. 117 қоқыс жәшігі, 112 орындық орнатылды, кеспе тастардан 11,8 мың шаршы метр жол салынды) және Айнабұлақ-3 ш/а (алаңы – 2,3 га. Кеспетас (2,3 мың шаршы м), асфальт жабындысы (2,2 мың шаршы м), жиектастар – 3,3 мың п/м, газон жабындысы – (3 мың шаршы м.) салынып, 18 орындық, 25 қоқыс жәшіктері, 36 шам және тірегі бар 6 шам орнатылды) жаяу жүргінші аймағы салынды.

 Ратушный көшесінде орналасқан саябаққа көріктендіру жұмыстары жүргізілді, кеспетастар мен жиектастар ауыстырылды, 40 жарық шамдар мен тірегі бар 25 шамдар қойылды.

Тобаяков көшесінде орналасқан саябақтаWorkout алаңы, әткеншектер, жарықтандыру орнатылып, 50 ағаш отырғызылды.

Әкімшілік алдындағы Серіков көшесінде орналасқан саябақ көріктендірілді, ол жерде 2,2 мың шаршы метр кеспетас ауыстырылды, 1 мың шаршы  метр асфальт төселінді, 24 дана – шам, 16 дана – орындық, 16 дана – қоқыс жәшіктері орнатылды.

Омаров көшесінде орналасқан саябақтаWorkout алаңы, 540 шаршы метр – резеңке төсеніш қаптау, 1 дана - карусель, 1 дана – әткеншек орнату жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының әкімшілік бағдарламасы бойынша ЛОГ пен Айнабұлақ-1,2 ы/а аумағы көріктендіріліп, тұрғындарға арналған орындықтар, қоқыс жәшігі, аумағы 4,3 га. жарықтандыру тіректері орнатылған демалыс саябағына айналды.

Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының әкімшілік бағдарламасы бойынша  станция алаңы көріктендірілді. Төселінетін тастар, орындықтар, қоқыс жәшігі, жарықтандыру тірегі, МАФ-тар мен алаңы 4,3 га. құрайтын гүлзарлар ауыстырылды.

17 мың ағашқа санитарлық кесу және 500 апаттық жағдайда тұрған ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілді.

Бесінші. Коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үйді пайдалануға беру

2019 жылы Жетісу ауданындағы жеке тұрғын үй құрылысына 69 АҚҚ берілді. (2017 жыл-51, 2018 жыл-46).

Оның ішінде 26-ы енгізу актісін алды;

- 43 нысанда СМЖ жүргізілуде, оларға түгендеу жұмыстары өндірілген.

Бүгінгі күні 30 объектіде (70%) ҚМЖ аяқталу сатысына орай, 13 (30%) – құрылысты 2020 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

2019 жылғы қазан айында ауданы 47,5 млрд. теңгеге 193 мың шаршы метр 2 тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды және ауданы 6,2 мың шаршы метр 3 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуда.

2019 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін 109 мың ш.м. 100 ауланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, 551 МАФ, workout алаңдарына арналған 332 дана жабдықтары, 564 сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылып және 20 футбол және баскетбол алаңы салынды.

Тұрғындардың өтініші бойынша, жобадан тыс, жеке қаражат есебінен қосымша 9,5 мың шаршы метр аула асфальттанды, 62 сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылып, 2 футбол алаңы салынды, 59 заңсыз гараж бұзылды. Осының барлығы абаттандырылған аулалардың пайызынан 86% - ға жеткізуге мүмкіндік берді.

2020 жылы аулаларды абаттандыруды 100% аяқтаймыз.

ПИК бойынша

Жетісу ауданы бойынша 665 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 580 көппәтерлі тұрғын үйді 47 ПИК қызмет көрсетеді. Қалған 85 үй басқару басқарусыз. Қазіргі уақытта осы үйлерге басқару органдарын қосу немесе құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

  Барлығы 47 ПИК Е-КСК жүйесіне қосылған, ол ПИК-мен тұрғындар арасындағы өзара жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

ПИК-те барлығы 112 аула сыпырушысы бар, орта есеппен 6 үйге 1 аула сыпырушы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 2019 жылы өз қаражаты есебінен 21 ПИК және жалпы сомасы 33,4 млн-ды құрайтын 162 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (жарық диодты шамдарды орнату, шатырларды ішінара жөндеу, кіреберістерді, шатырларды, жертөлелерді (инженерлік желі) электр қалқандары мен күнқағарларды жөндеу, подъезд терезелерін және құбырларды ауыстыру).

"2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасын іске асыру».

19 үйді күрделі жөндеу мына мекен-жайы бойынша жүргізілді: Сүйінбай даңғылы, 12, 16 үй, ("АҚ-Айнабұлақ" ПИК), Айнабұлақ-1 ш/а, 3, 4, 5, 6 үйлері, ("Дарья" ПИК), Азовская көшесі, 18-үй, Школьная көшесі, 2а-үй, Рысқұлов даңғылы, 62а-үй ("Глобус" ПКСК), Полежаев көшесі, 221-үй ("Айбат" ПИК), Кулагер ш/а. 45, 51, 56, 57, Серіков көшесі, 37, 37А ("Отау Көмек" ЖШС), Райымбек даңғылы, 153 үй, Райымбек даңғылы, 151 үй, Абылай хан даңғылы, 25 үй, жалпы сомасы 156 412 782 теңгені құрайтын жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Қазіргі уақытта "ТКШ жаңғырту" бағдарламасын жүзеге асыру аясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Апталық сенбілік

2019 жылы коммуналдық шаруашылық бөлімі қатысуымен ауданда келесідей шағын аудандар бойынша 30 сенбілікті өткізді: Көкжиек, Көкмайса, Құлагер, Айнабұлақ-3 және Скрябин, Райымбек даңғылы 167а,в үй мен 241үй, Геологов,  Ақтолқын 12 үй көшелері.

 Азаматтардың өтініштеріне байланысты, қаланың шет жақтарындағы көшелерді жарықтандыруға бюджет қаражатын қайта бөлу бойынша қала әкімінен тапсырма берілді. Соның нәтижесінде, бүгінгі күні 1 486 LED шамдары 61 мекенжай бойынша салынып, орнатылды.

Келер жылы ауданның 60 көшесінде сыртқы жарықтандырудың жаңа тіректерін салу есебінен жарықтандыруды 100% -ға қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Осы уақытқа дейін жылдар бойы тұрғындардың өздерінің есебінен қызмет көрсетіліп келген 3 иесіз қазандық мәселесі шешілді (Тайыров көш.54, Солнечный көш.5, Вокзальная к. 40а). Енді қызмет көрсету «Алматыжылукоммунэнерго» балансына өткізілді.

Арық желісі бойынша 19 мекенжайда 12963 метр құрайтын жөндеу жұмыстары жүргізілді (Сейфуллин.,Райымбек даңғ.,Жансүгіров, Жангелдин, Зубарев, Верхоянский, Балхашский, Казаков, Потанин, Акпаев көшелері).

Ауданда инженерлік және арық желілерінің 252 люгы ауыстырылып, орнатылды.

Көкжиек ш/а улы газ иісінің мәселені шешу мақсатында тазартуға арналған қосымша сүзгіштер орнатылды, газ бөлгіш стансасы мен көппәтерлі тұрғын үй арасындағы аумақта 2 мың тал отырғызылды.

«АКЖ» ЖШС-ның 2019 жылдың тамыз және қыркүйек айларына 52,1 млн.тг. сомасына дебиторлық берешегі азайтылды. 2018 жылмен салыстырғанда 18% азайды.

        Алтыншы. Қоршаған ортаны қорғау

Ауданда танымал блогерлер, спортшылар, ММА спортшылары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен 7 ауқымды TazaJetisu экоакциясы өтті.

Экоакцияларға қаланың 5 мыңнан аса белсенді тұрғындары қатысып, 550 куб қоқыс шығарылды.

2019 жылдың қыркүйегінде Алматыда, біздің ауданда «Экопатруль» акциясы басталды. Акция барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ал заңсыз қоқыс орындарын қалыптастырған тұлғалар айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылады. Осылайша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабына сәйкес 2 млн. теңге сомасына 80 хаттама толтырылды. Jasyl Almaty акциясының барысында 1700 ағаш егілді және өтемдік 2500 көшет отырғызылды.

«Монолит» компаниясымен бірге өңделген «EcoLom» жобасы іске қосылды. Тұрғындар ұялы телефондарына «EcoLom» қосымшасын пайдалана отырып, арнайы белгіленген жәшіктерге қоқыс тапсыру арқылы ақша таба алады.

Жетісулықтар үшін жаздың ең жарқын оқиғаларының бірі алғашқы отбасылық экофестиваль «GreenlandFEST» болды. Тұрғындар экодәрістер мен тапсырмаларға, интерактивті және ұлттық өнімдер көрмесіне қатысып, әртүрлі заттармен алмасуға болатын Дармаркқа қатысты.

Жетінші. Мәдениет және спорт

Ауданның мәдени өмірі іс-шараларға толы болды. 2019 жылы барлық мемлекеттік, кәсіби мейрамдарға арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Қатысқандар саны - 50 мыңнан астам.

Бұқаралық спортты дамыту үшін 6 мектепте «Қазақ күресі» бойынша ақысыз секциялар ашылып, 300-ден аса бала қамтылған.


Сондай-ақ Черновицкий көшесінде теннистік корт ашылды, онда көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары тегін айналысады.

Бірінші қазақстандық олимпиада ойындарының чемпионы Ж.Үшкемпіровтің жүлдесіне өткізілген «Белдесуден» алғашқы халықаралық турнир аудан үшін маңызды оқиға болды.

«Жастар жылы» аясында «Алматы спортымен» бірлесе Гүлдер саябағында «Барлығына арналған йога» спорт күні ұйымдастырылып, барлық жас өкілдері қатысты.

       Көлік

Палладин көшесі бойындағы жаяу жүргінші жолына ағымдық жөндеу және ұзындығы 5,9 км. құрайтын 10 көшеге жартылай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Рабочий поселок ш/а  «ТриА Холдинг» ЖШС, «МБ ДорСтрой» ЖШС және «Алматы ДорСтой» ЖШС мердігер ұйымдарымен 28 көшенің асфальт жабындысы ауыстырылды.

Рабочий поселок ш/а  инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары аяқталды.Тұрғындардың сұраулары бойынша асфальттау және желіні ауыстыру жұмыстары жеделдетілді. ҚМЖ-ның өндіріс уақыты 2020 жылдың 25 сәуірінен 2019 жылдың 30 қазанына ауыстырылды. Сонымен қатар, «ТриА Холдинг» ЖШС, «МБ ДорСтрой» ЖШС және «Алматы ДорСтой» ЖШС мердігер ұйымдарымен барлық көшелерді асфальттау жұмыстары аяқталды (Барлығы 25 көше).

      Қазыбаев көшесінен Автомеханика колледжіне дейін №17, 56 және 123 қоғамдық көліктерінің схемалық жүру бағыттарына өзгерту енгізілді.

 2019 жылдың 6 қыркүйегінен бастап, Жансүгіров көшесінен Омаров көшесіне дейін №46 қоғамдық көліктің бағыт схемасына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, көлік Февральская көшесі бойымен жүріп қайтқанда Шілдехана көшесі арқылы өтеді.

2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап, Айнабұлақ-2 ш/а көліктік қызмет көрсету үшін №56 қоғамдық көлік бағыты Көкмайса ш/а-нан Айнабұлақ-2 ш/а-на дейін ұзартылды.

Кемел ш/а-нан  Көкжиек ш/а арқылы  Райымбек батыр метро аялдамасына дейін №208 бағыттағы жаңа маршрут құрылды. Іске қосылу 2020 жылдың ақпан айында жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы №7, 18, 20, 32, 54, 59, 63, 65, 79, 92, 104, 120 және 129  бағыттағы маршруттар жаңартылды. (жалпы 13 маршрут, 220 автобус).

Жаңа үлгідегі 11 аялдама құрылғылары орнатылды.

Базарларды жаңғырту

Базарларды еуропалық стандарт бойынша сауда орталықтарына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ауданда 16 базар жұмыс істейді, оның ішінде 7 базар модернизацияланды. Қазіргі уақытта «Ялян-2», «Алатау» сауда орталығының 4 блогы мен «Рахаткз» базарларында жаңартылу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 400 сауда орны қарастырылған, жаңадан «Керемет» сауда үйінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инвестиция сомасы – 313 млн.теңге.

Индустриалды-инновациялық жобалар

«Келет» АҚ кәсіпорнында Қазақстандық газ қазандарын өндіру бойынша роботтандырылған желісі іске қосылды. Инвестиция сомасы – 450 млн. теңгені құрады. Кәсіпорын Алматы қаласы бойынша экспортқа тауар шығаратын компаниялар қатарына кіреді, Қырғызтан, Өзбекістан және Ресей елдеріне экпортталады.

Асфальтбетонды қоспалар және тротуар мен жолға бетон қоспаларын өндіретін «АДСК» ЖШС зауыты ашылды. Зауытта 50 адам жұмыс істейді, инвестиция сомасы – 2 млрд. теңгені құрайды.

2019 жылы өндіріс желісін модернизациялауға «CarlsbergKazakhstan» ЖШС 2 млрд.теңге салды, кәсіпорында – 427 адам жұмыс істейді, қосымша 15 жұмыс орны ашылды.

 Ірімшік өнімдерін өндіру үшін «Компания Камертон» ЖШС жаңа құрылғылар орнатылды, инвестиция сомасы – 197 млн. теңге, 17 жұмыс орны ашылды.

«АвтоАлмаТранс» ЖШС 20 қоғамдық көлік сатып алып, №54 бағыттағы қоғамдық көлікті жаңартты. Инвестиция сомасы – 672,5 млн.теңге, қосымша 20 жұмыс орны ашылды.

     Аға буынға құрмет көрсету

Ауданның ұзақ өмір сүрушілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына орай, ауданның демеушілері ардагерлерді ерекше ықыласпен қуантты, әр Ұлы Отан соғысының қатысушысына және Ұлы Отан соғысының мүгедегтеріне тұрмыстық техника сыйлады.

Аудандық ардагерлер кеңесі, NurOtan аудандық партия филиалы төрағасының орынбасарымен бірлесе отырып, қарттар айлығын мерекелеу шеңберінде ардагерлермен кездесулер, қайырымдылық түскі астар, Түрген шатқалына экскурсия ұйымдастырылып, «Алтын өрік» фестиваліне қатысты.

Білімді дамыту

Жетісу ауданында 21 жалпы орта білім беру ұйымы және мемлекеттік меншік нысанындағы 22 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істейді.

    2018-2019 оқу жылының соңында 21 күндізгі жалпы білім беру мекемесінің контингенті 25281 оқушыны құрады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда контингент 1344 оқушыға көбейді. Кешкі бөлімде 9-11 сыныпта 236 оқушысы оқиды.

        Оқушылар үйінде қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен 6-18 жас аралығындағы 1962 оқушы спорт секцияларына қатысады.

2019 жылы ауданда 590 түлек болды. Мемлекеттік емтихандарды тапсыру қорытындысы бойынша 2019 жылы барлық түлектер негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттар алды. 38 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, сонын ішінде 35-і ҰБТ өтіп, 31 грантқа түсті, 40 оқушы мектепті үздік бітірді.

Сондай-ақ, педагогикалық ұйымдардың тұрақты қызметкерлері арасында «Үздік оқытушы» атағын берудің белгіленген ережелері негізінде, № 148 гимназияның мұғалімі Назигүл Оразбайқызы 2019 жылы республикалық «Үздік педагог» байқауына қатысты. Кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін республикалық кезең конкурсының нәтижелері бойынша Мергенбаева Назигүл Оразбайқызына «Үздік оқытушы - 2019» атағы берілді, сертификат пен төсбелгі тапсырылды. Мергенбаева Назигүл Оразбайқызына «Үздік оқытушы» атағының иегері ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген республикалық бюджет қаражаты есебінен айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленді. Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы Қазақстанның Ұлттық мұғалімі сыйлығының үздік 10 финалисінің иегері атанды және Дүниежүзілік мұғалімдердің Әлемдік 2020 сыйлығында Қазақстан Республикасының атынан қатысу құқығына ие болды.

     Мектепке дейінгі білім беру

Барлық мектепке дейінгі 58 ұйым бар, оның ішінде жобалық қуаты 5534 орынға арналған 41 балабақша 6131 баланы және 429 шағын орталық баланы қамтитын балабақша бар. Барлығы 6560 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Ауданда 2 арнайы балабақша жұмыс жасайды, біреуі №103 мемлекеттік санаториялық балабақша, 120 баланы қамтитын жобалық қуаты 120. Сөйлеу қабілеті ауыр балаларға арналған              № 26 арнайы балабақша мен 90 баланы қамтитын жобалық қуаты 90 орынды балабақша ашылған.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімімен 2019 жылы 11911 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 611 қызметке артық (2018 жылы – 11300 мемлекеттік қызмет көрсетілді).

2018 жылмен салыстырғанда жаңа туған балалардың тууын тіркеу көрсеткіші 490 бірлікке артық, 2018 жылы 3415 туу тіркелсе, 2019 жылы 3905 туу туралы акт жазбасы тіркелді.

Мемлекеттік неке қию тіркеуі 2019 жылы 101 жұпқа ұлғайды, 2018 жылы 1374 неке қию тіркелді. 

«Халыққа көмек»жобасын іске асыру

      «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Халыққа көмек» ұлттық жобасы іске асырылып, жоба аясында а.ж. 10 қыркүйегінде Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 100 млн.тг. көлеміндегі жеке қаражаты есебінен аумағы – 850 ш.м. құрайтын халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы болды.

143 мектеп аумағында аудан тұрғындары үшін жаңа футбол, баскетбол, жағажай волейбол алаңы, жүгіру жолы, Workout алаңы салынған. 

 Көпбалалы Ж.Н.Тлеубаеваның отбасына өрттен кейін жалпы алаңын 75-тен 100 шаршы метрге дейін кеңейте отырып Гастелло, 60 мекенжайы бойынша жаңа үй салуға жеке инвестор көмек көрсетті.

Өрт салдарынан далада қалған көпбалалы отбасына Жетісу ауданынан маслихат депуттары Қ.Қазанбаев, В.Ли және А.Чиликбаевтың ықпал етуімен жаңа баспана, жиһаз бен техника алып берді.

2019 жылы 20 желтоқсанда Жаңа жыл қарсаңында Байсат сауда орталығының қызметкерлері Жетісу ауданы әкімінің бастамасын қолдап, көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. «Байсат» сауда орталығының ұжымы қиын өмірлік жағдайға тап болған Отарбаев Есболдың отбасына 600 мың теңге көлемінде коммуналдық қызмет ақысын өтеуге демеушілік көрсетті.

     Орталық ауыз суы өткізілмеген Бәйішев көшесіндегі 24 үй тұрғындарына ауыз су құбыры өткізіліп іске қосылды.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде берілген қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке инвестормен бірге Кемел ш/а абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осылай, мәдениет үйінің алдында қазақ батырларының мүсіндері орнатылды. Көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру, кеспетас пен бордюрлер қойылды. Жастар үшін workout алаңы, теннистік үстел, футбол және баскетбол алаңдары орнатылды.

Серіков көшесіндегі «Гүлдер» саябағында ауданда бұрын соңды болмаған жаңа ойын және спорт кешенін салу бойынша жұмыстар басталды. Әткеншектер, балалар төбешіктері, күркелер, орындықтар, урналар, LED-жарықтары, балалар алаңы және ересектерге арналған Workout аймағы орналастырылды.

109 мектеп аумағында футбол алаңын жаңарту және мектепке қарасты аймақты абаттандыру жұмыстары басталды. Балалар алаңы мен аудан тұрғындары үшін қол жетімді жүгіру жолы бар Workout аймағы орнатылды.

         Жақын болашақта

         Қала әкімінің қолдауы бойынша, қыркүйек айында келесі жобаларға жергілікті бюджетті нақтылау кезінде қаражат бөлінді:

	            Кемел ықшам ауданда күніне 200 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысына 40,7 млн. теңге сомасында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлінді. Мердігер - ЖШС «Компания Стройтекс», жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау мерзімі - 2020 жылдың наурыз айы.

         Сонымен қатар, №11 емхананы күрделі жөндеумен сейсмикалық нығайтуға 12,5 млн. теңге сомасында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлінді. Мердігер – ЖШС «Стройтекс компаниясы», жобалық-сметалық құжаттаманың аяқталу мерзімі - 2020 жылдың наурыз айы.           
            Қазакова-Боткина көшесіндегі 240 адамға арналған емхананың құрылысы жоспарланып отыр. Конкурс шағымдану сатысында тұр, жобалық-сметалық құжаттарының соммасы қосылған құн салығын санамаған кезде  37,8 млн. теңгені құрайды.

	          Айнабұлақ-4 №174А мекенжайында орналасқан «1983 жылдан бері бос тұрған ғимаратының орнына 160 орынға арналған балабақша құрылысы жоспарланып отыр», Конкурс 16 қаңтарға дейін шағымдану сатысында тұр.

          «700 млн.тг. сомасына №43 мектепке қосымша құрылыс» (жеке тұрған ғимаратты сүре отырып спортзал мен алаңы 600 шаршы метр асхана үшін)» ЖСҚ әзірлеуге 18,3 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«2,6 млрд. теңгеге №80 және №129 ЖББМ сейсмикалық нығайтудан өткізіп күрделі жөндеу» ЖСҚ әзірлеу үшін 72,3 млн.тг. көлемінде қаражат бөлінді.

«600 орынға №177 ЖББМ қосымша құрылыс, жобаның құны 1 млрд.тг.» ЖСҚ әзірлеуге 63,1 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«Алматы автомеханикалық колледжінің студенттері үшін 350 орынға арналған жатахана құрылысы» үшін 800 млн. теңге, ЖСҚ әзірлеуге 34,5 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Алдағы 2 жылда біз шешетін негізгі міндеттердің    бірі – ол ауыз суымен 100 % қамту. Қазір ауданның 61 көшесі (үлесі – 9,3%) орталық су құбырына қосылмаған.

2019 жылдың қыркүйек айында ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді:

Жалпы ұзындығы 71,9 км. болатын 84 көшеде кәріз құбырларының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген.

         Кемел ш/а Палладин-Павлодарский-Сельский-Бурундайский және Таймырский көшелері бойында ұзындығы 57,7 км.электр желілерінің құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.

5 саябақты яғни, Ахтанов, Боткин, Бурундайский, Қазыбаев көшелері мен Көкжиек ш/а-да жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, 2020 жылы Көкмайса ш/а саябақ аймағын салу және Кемел ш/а тоғандарды орналастыру жұмыстары жоспарланып отыр.

2020 жылы «Сергек» интелектуалды бейнебақылау, талдау және болжау камераларын орнату жұмысы жалғасады.

 \               


18.01.2020