Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.01.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесулері 2018 жылдың 16-шы қаңтар айынан бастап ақпан айының 5-і аралығында өткізіледі

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Алматы қ. Жетісу ауданы әкімі М.И. Тажибаевтың тұрғындармен есептік кездесулері 2018 жылдың 16-шы қаңтар айынан бастап ақпан айының 5-і аралығында өткізіледі.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУДІҢ ЖЕЛІЛІК КЕСТЕСІ

16 қаңтар 2018 жыл –05 ақпан 2018 жыл 

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Тажибаев Мухтар Ильясович

Күні

Апта күні

Өткізу орны

Уақыты

Қатысушылардың жоспарланған саны

16.01.2018

сейсенбі

Жетісу ауданының әкімшілігі,

Құлагер ы/ауд.

11:00

250

19.01.2018

жұма

ЖББМ №177,

Көкжиек ы/ауданы

11:00

400

22.01.2018

дүйсенбі

ЖББМ №108,

Ақпаев к-сі, 59

11:00

200

25.01.2018

бейсенбі

ЖББМ  №109,

Гончаров к-сі, 23

11:00

400

29.01.2018

дүйсенбі

Мәдениет үйі,

Первомайский ы/ауд.

11:00

150

31.01.2018

сәрсенбі

ЖББМ №137,

Айнабұлақ-2 ы/а

11:00

300

03.02.2018

сенбі

ЖББМ № 87,

Дорожник ы/ауд.,38а

11:00

250

05.02.2018

дүйсенбі

ЖББМ № 80,

Победа к-сі, 26

11:00

150


2017 жылғы Жетісу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Қаржы

2017 жылы әкім аппаратына 5181067,0 мың теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінген. Орындалуы 100% құрайды.

Салықтар

Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпаратына сәйкес 2017 жылға мемлекеттік бюджет 111 845 мың теңгені құрайды, 2017 жылдың 29 қаңтарына түсімдердің дәйекті көрсеткіші 112 689 млн. теңге, орындалу 101%.

Республикалық бюджет 82 266 млн. теңге сома көлемінде белгіленген, дәйекті түскені 80 923 млн. теңге, орындалу пайызы 98% құрайды.

Жергілікті бюджет 29 527 млн. теңге көлемінде белгіленген, бюджетке дәйекті түскені 31 766 млн. теңге, 107% орындалды.

Өнеркәсіп

2017 жылдың қаңтар-қараша айларына ауданда қолданыстағы бағада өнеркәсіп өнімдері 159 042 млн. теңгеге өндірілді.

Барлық өнеркәсіп бойынша физикалық индекс көлемі 103,8% құрады.

Аудан бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі қаңтар-қараша айларына 37 654 млн.теңгені құрады. Аудан бойынша нақты орташа айлық жалақы көлемі – 134 805 теңге.

Ірі және орта кәсіпорындардағы жұмысшылардың саны 39 196 адамды құрады.

Шағын кәсіпкерлік

Қаңтар-қараша айларына бөлшек тауарайналымы 395 млрд. теңгені құрады немесе қалалық бөлшек тауарайналымының 18 %.

Көтерме тауарайналымы қаңтар-қараша айларына іске асырудың барлық каналдары бойынша 1 669 млрд. теңгені құрады немесе қалалық көтерме тауарайналымының 19%.

2017 жылдың 30 қарашасына аудан кәсіпорындарында 3341 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Көріктендіру және коммуналдық шаруашылық

Жетісу ауданы аумағында 259 көше бар, ұзындығы 267 131 м, аумағы 2 557 435 м2, аумағы 10,66 га көлік жолайрықтары, көріктендірілген нысандар (бақ, саябақтар – 13, жасыл аймақтар – 6, жаяу жүргіншілер аймағы-4) аумағы 37,72 га, көлік жол жолақтары - 5, көше жиектері - 45) аумағы 47,85 га, жолүсті жаяу жүргінші жолы – 17 бірлік, аумағы 2 803,4 м2, арық желісінің ұзындығы 91,656 км, ауданда 9 663 жарықтандыру шамдары, 120 басқару шкафтары бар.

Ағымдағы жыл басынан 4874 ағаш санитарлық кесілді, 514 ағаш санитарлық шабылды, 867 ағаш пішіндеп кеілді, барлығы – 779 ағаш, оның ішінде 514 ағаш өтемдік отырғызылды, сонымен қатар 362 жас талдар отырғызылды. «РСУ» ЖШС, «АлматыДорСтрой» ЖШС, «Конфорс» ЖШС мердігер ұйымдарымен ұзындығы 6,928 км. жолдарды орташа жөндеу жүргізілді.

«РСУ» ЖШС мердігер ұйымымен 35 көше бойынша жалпы көлемі 5600 м2 шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Иссык жолдары» ЖШС, «РСУ» ЖШС мердігер ұйымдарымен келесі мекенжайлар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: Омаров, Жұмабаев, Серіков, Ратушный, Жетісу көшелері, Құлагер ш/а, жалпы ұзындығы 2 км.

«Каз Строй Эксперт» ЖШС мердігер ұйымымен келесі мекенжайлар бойынша арық желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: Шилов көш. Филатов көш. қиылысы; Краснодарский көш. Фотин көшесінен Краснодарский көш. 3 дейін; Рысқұлов даңғ. Крылов көш. қиылысы; Палладин к.; Баишев к. Райымбек даңғылынан Колпаковский к. дейін; Абылай хан даңғ. Вокзал-2; Абылай хан даңғ. Тузов көш. қиылысы; Бокейханов көш. Летний көш.қиылысы; Станиславский көш, 214 үй; Айнабұлақ-1 ш/а Жұмабаев көшесінен тұйық жолға дейін; Құлагер ш/а №59 үйден «Сұлтан Қарасу» өзеніне дейін.

Сүйінбай даңғылы, Сидоркин көшесінің қиылысы арқылы өтетін жерүсті жаяу жүргінші өткелінің құрылысы аяқталды, Сейфуллин даңғылы, Ақпаев көшесінің қиылысы арқылы жерүсті өткелінің құрылысы жалғасуда.

Волочаевский көшесінің бойындағы құлаған жардың орнында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жойылды, «СМУ-17» ЖШС мердігер ұйымымен 518 098 096тг. сомасына келесі жұмыстар атқарылды: 320 томар кесіліп шығарылды, 8 метрге жуық жар тегістелді, ұзындығы - 345 м. және 9 000 м3топырақ шығарылды. Түрлі 25 нысанның қабырғалары бөлшектеніп, қалпына келтірілді. Габион құрылғыларынан ұзындығы 345 м. тіреуіш қабырғалар құрылысы жүргізілді.

«Gaumer A-stroy» ЖШС мердігер ұйымыменжалпы сомасы 184 800 000 теңгежаяу жүргінші аймақтары ағымдағы жөндеуден өткізілді: Райымбек даңғ. Назарбаев даңғ. метроплитеннен Қонаев көшесіндегі аялдамаға дейін, Сүйінбай даңғ. Бөлтірік шешен көш. дейін, Палладин көш. саябақтан Жұмабаев көш. дейін.

«АлматыИнжСтрой» ЖШС мердігер ұйымымен «Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейін т/ж арқылы эстакадамен тура жол» салу бойынша құрылыс жүргізілуде, «КазГерСтрой» ЖШС мердігер ұйымымен Сейфуллин даңғ. Жансүгіров көш.қиылысы арқылы көлік жол айрығын салу жұмыстары жүргізілуде.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 5 қоқыс шығару ұйымы айналысады. Аптасына орта есеппен 1 705 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылады, үстіміздегі жылдың есептік кезеңінде 27 443 тонна қоқыс шығарылды. 334 қоқыс жинауға арналған контейнер жаңасына ауыстырылды.

50 аула аумақтары бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта Жетісу ауданы бойынша 2018 жылға 127 ауланы жөндеуден өткізудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

ЖПИК ЗТБ қалалық ассоциациясының сайтында ауданның барлық ЖПИК-нің 3 тоқсанға атқарылған жұмыстарының есебі жарияланды.

Ауданда жалпы үйлік есептегіш құралдарын орнатуға үлкен көңіл бөлінеді. 694 көппәтерлі үйдің 403-нде есептегіш құралдардын орнату мүмкіндігі бар, оның 193 орнату қажеттілігі бар және 288 тұрғын үй құрылыстарында есептегіш құралдарын орнатуға мүмкіндік жоқ (апатты ескі үйлер, жеке жылыту жүйесі бар үйлер). Жетісу ауданында 210 үйде 242 есептегіш құралдары орнатылған. 2017 жылы «Алматы Жылу Жүйелері» ЖШС-не жалпы үйлік есептегіш құралдарын орнату туралы 43 өтінім түскен.

Первомайский ш/а барлық инженерлік желілер тексеруден өткізілген. Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен инженерлік желілерді жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, мемлекеттік сараптаудан өткізілгеннен кейін бюджетке тапсырыс беріледі. Бюджеттік қаражаттың бөлінуіне қарай құрылыс мерзімі белгіленетін болады.

Сумен жабдықтау және су бұру құбырларын өткізу бойынша жоба аяқталғаннан кейін, көріктендіру жұмыстары жүргізіледі (сыртқы жарықтандыру, жаңа бордюрлер салу, көшені асфальттау, ағаш отырғызу және жол белгілерін жүргізу).

Есептік мерзімде ЖПИК есебінен 185 үй жөндеуден өткізілді, подъездерді бояу, шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасының аясында «Имирстройкомплект» ЖК Сүйінбай даңғ.,№157тұрғын үйдің қасбетін жөндеуден өткізді.

Алматы қаласы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша №101, 110, 118, 137мектеп ғимараттарын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

694 көппәтерлі үйлер мен әлеуметтік нысандар: 21 мектеп, 21 балабақша, 5 денсаулық сақтау мекемесі уақытылы жылуға қосылды.

Әлеуметтік сала

Атаулы әлеуметтік көмек 30 отбасына жалпы сомасы 6555,89 мың тг. тағайындалды.

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес 18-ге дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы ауданда 200 отбасының 546 баласына 7991,61 мың. тг. көлемінде жәрдемақы тағайындалды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 6 отбасы 36 адамға 2021,36 мың.тг. тағайындалды.

Тұрмыс деңгейi төмен азаматтарға берiлетiн көмектiң тағы бiр түрi - тұрғын үй жәрдемақысы 222 отбасына, 3351, 28 мың.тг. коммуналдық қызмет төлеу үшін қаржы тағайындалды.

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 5,5 АЕК мөлшерінде 34 адамға ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілді жалпы сомасы 3694, 45 мың тг. қаржы тағайындалды.

1045 мұқтаж адамға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 АЕК төленетін әлеуметтік көмек тағайындалып, оған 31718, 35 мың тг. қаржы тағайындалды.

Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезенінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтар 66 адам ай сайын 7 АЕК мөлшерінде төленетін әлеуметтік көмек алды,  оларға 4880,98 мың тг. тағайындалды.

Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек 530 адамға

7,5 АЕК мөлшерінде 9019,5  мың  тг. тағайындалды.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ыстық және суық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын сатып алуы, орнатуы немесе тексеруден өткізуі бойынша шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек 100 адамға 910,23 мың тг. тағайындалды.

Әлеуметтік көмек 100 АЕК мөлшерінде- 4 адамға 839,5 мың тг. көлемінде тағайындалды.

2017 жылы Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 72-жылдығына орай ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектеріне, ҰОС- ның қатысушыларының жесірлеріне, ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне тенестірілгендерге, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайы) бір жолғы материалдық көмек 481 адамға 18990,0 мың теңге төленді.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытатын жанұяларға арналған жәрдемақы» көмегі 87 адамға 3468,46 мың тг. тағайындалды.

«Күміс алқа», «Алтын алқа» белгілерімен мараппатауға көп балалы 6,7 баладан астам аналардың құжаттарын қабылдау жұмысы жүргізілуде. 2017 жыл басынан 3 ана марапатталды.

Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі арнайы комиссиясының қарауына ауданда тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтардан 312 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша тиісті шешім қабылданды.Зардап шеккен азаматтарға жеңілдіктерге құқығы бар туралы 227 куәлік берілді.

1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссия қарауына 83 адам өтініш білдірді. Комиссия шешімі бойынша Ұлы Отан соғыс аралығында жұмыс істеген 72 тұлғаға оң шешім қабылданып, 11 іс бойынша қанағаттандырылмады.

Ауданның кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі комиссиясы қарауына41өтініш келіп түсті. Құжаттар комиссия отырысында қарастырылып, комиссия шешіміне сәйкес әкімнің өкімдері шығарылды.

Әлеуметтік сала бөлімі жанында жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 4 бөлім қызмет етеді. Бөлімде 33 адам жұмыс атқарады. Бөлімшелерде 255 адам күтімде, оның ішінде 21 мүгедек.

2017 жылы «Жұмыспен қамту орталығы» КММ бөлімінде жұмыссыз ретінде 3672 адам өтінген, 1386 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, жұмысқа орналастырылғандар саны 1793 адам.

Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері

Ауданда зейнетақы алушылар және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны барлығы – 25657 адам. Есептік кезеңде төленген зейнетақы көлемі – 1210569442,0 теңгені құрады, төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері – 139716630,0 теңге. Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 31245 теңгені құрайды, ең үлкен зейнетақы көлемі – 78281теңге.

 Аудандық медициналық бірлестік

Алматы қаласы Жетісу ауданының медициналық бірлестіктерін №11, №21, «Құлагер» БМСКО құрайды. Жетісу ауданының медициналық бірлестіктерінің емханаларында 118 886 адамға қызмет көрсетіледі, олардың ішінде ересектер – 84269, балалар – 31 333, жасөспірімдер – 3 284.

Жетісу ауданы тұрғындарының бір бөлігі басқа емханаларда тіркелген.

№ 19 ҚЕ (Түрксіб ауданы) – 11 002;

№8 ҚЕ (Алмалы ауданы) – 15 612;

№ 13 ҚЕ (Түрксіб ауданы) – 2 300;

№5 ҚЕ (Алмалы ауданы) – 17 438;

№2 ҚЕ (Медеу ауданы) – 11 250.

Барлық емханалар аралас типтік, бастапқы медико-санитарлық көмек, кеңестік-диагностикалық, соның ішінде арнайы мамандандырылған көмек Алматы қаласы Жетісу ауданының ересек, балалар мен әйел тұрғындарына біруақытта көрсетеді.

Денсаулықсақтау қызметінің негізгі көрсеткіштері:

Көрсеткіштер

2017 жыл (аудан)

Сәби өлімі

0,9- абсолютті сан 1 жағдай

Ана өлімі

1 жағдай № 21 емхана бойынша

Алдын ала тексеруден өту жоспарының орындалуы %

95,7

100 мың тұрғынға туберкүлезбен ауру

40,8-абсолюттісан 66 адам.

(қала-29,9)

Туберкүлезбен ауру нысандарының деструктивті деңгейі %

21,0

100 мың тұрғынға туберкүлезден өлу

3,1- абсолюттісан 5 адам.

1-2 деңгейде анықталған обырдың үлес салмағы %

71,0-абсолюттісан 131 адам.

(қала-65,7)

4 деңгейі бойынша асқынып кетуі %

6,5 (қала-8,4)

100 мың тұрғынға жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен өлу

44,0- абсолюттісан 51 адам.

(қала-70,1)

Жоспарлы ауруханаға жатқызу кезіндегі штаттан тыс жағдайлардың жиілігі %

3,1

Материалдық техникалық база:

Емханалар Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Ресей сияқты өндіруші мемлекеттердің заманауи құрылғылары және аппаратураларымен жабдықталған, соның арқасында медициналық көмек әлдеқайда сапалы және кәсіби диагностиканы нақтырақ жасауға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жаңғырту мақсатында автоматтандырылған ақпараттық жүйелер орнатылған:

I. «AlmaTurn» электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі»

Электронды тіркеу дәрігер қабылдауына жазылуға мүмкіндік береді: телефон арқылы, интернет құралдары және пациенттің тікелей емханаға келуі кезінде.

II. «Персонал» электронды бағдарламасы»

Бейнеқабырға – дәрігерлердің жұмыс кестесін, сонымен қатар пайдалы ақпараттар мен анықтамалық ақпараттарды бейнеқабырғаға шығарады.

III. «Флюоротека» электронды бағдарламасы»

Флюорографиялық тексерулерді тіркеу және қортындысын дәрігерлік бағалау. Флюорографиядан өткен адамның базасы қалыптастырылады.

IV. «Науқас парағы»электронды бағдарламасы»

V. Cаll-центр - «Сallisto» көпканалды бағдарламасы орнатылған. Бұл бағдарлама бойыншабірнеше оператор жауап береді, олар тікелей немесе телефон арқылы хабарласқан жағдайда дәрігерді үйге шақырту қоңырауын қабылдайды.

Аудандық білім бөлімі

Жетісу ауданында орта білім беретін 21 ұйым жұмыс істейді. 2016-2017 жж. аяғына оқушылар саны 23980 құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 1089 оқушыға артқан. Кешкі бөлімде 9-11 сыныптарда 147 оқушы білім алады. Оқушылар үйіне ниеттері бойынша үйірмелер мен секцияларға 6-18 жас аралығында 2680 оқушы қатысады.

Дефицит ученических мест составляет 5614, перегружены школы №57,103,110,118,129,148,177

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жалпы білім беру орындарында 1624 мұғалім жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада кезеңіне 98 оқушы қатысты. Жүлделі орындарды 19 оқушы алды немесе жалпы қатысушылар санының 19,38%.

Ғылыми жобалар байқауының қалалақы кезеңіне 62 оқушы қатысып, олардың 47-сі жүлделі орындар алды немесе қатысушылардың жалпы санының 76%.  

Мектеп жасына дейінгі тәрбие беру мекемелерінде 6628 бала қамтылған. Талдау көрсеткендей, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту пайызы соңғы 3 жылда70%-дан 81,2% дейін артқан.

Ауданның 21 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемесінде 4703 бала тәрбиеленеді, олардың ішінде қазақ тіліндее - 2673, орыс тілінде - 203

«Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 1 қазанына 949 бала жекеменшік балабақшаларға барады. Ағымдағы жылдың 1 қазанына аудан бойынша электронды кезекте 1 жастан 6 жасқа дейін 6406 бала тұр, 3 жастан 6 жасқа дейін – 3454 бала. 2017 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін 295 орынға 5 жекеменшік балабақшалардың ашулы есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жүйесі артқан.

Құқықтық тәртіп

Жедел жағдайды талдау көрсеткендей 2017 жылдың 11 айы нәтижесінде Жетісу ауданы бойынша барлығы 5797 құқықбұзушылық тіркелген, олардың ішінде, 5401 қылмыс, 396 қылмыстық теріс қылық. 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қылмыстық іздестіру бойынша қылмыстың 9,6% ( 6411-ден5797-ге дейін) азайғаны байқалады немесе 614 қылмысқа азайған.

Ағымдағы жылдың 11 айы бойынша құқықбұзушылықтың барлық түрі бойынша жалпы ашылуы 23,9% (2016-22,4%), соның ішінде қылмыстар бойынша 20,5%,қылмыстық теріс қылық бойынша 98,4%, ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша 36,4% (2016г.-31,6%).

Жетісу ауданы ІІБ қылмысты ашудан Алматы қаласы бойынша 4 орында. Табтғатты қорғау полиция бөлімшесімен есептік кезеңде әкімшілік жауапкершілікке 1348 жеке және заңды тұлға тартылған, 4 231 685 теңге сомаға, оның 3 641 745 теңгесі өндіріген немесе 86,5%.

Идеологиялық жұмыстар

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жыл сайынғы халыққа Жолдауын және Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және іске асыру аясында барлық жалпы білім беру орындарында, әскери бөлімшелерде, меншік нысанына қарамастан Жетісу ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында идеологиялық жұмыстар жүйелі түрде жүзіліп тұрады. Аудандық ақпараттық-насихаттау тобы дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, кеңестер, кездесулер және т.б. өткізеді.

2017 жыл басынан 300-ден аса іс-шара өткізіліп, 7000-нан аса адам қамтылды.

«Нұр Отан» аудандық партия филиалымен бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде 50 аса әлеуметтік-маңызды шаралар ұйымдастырылып, 3000 аса адам қамтылды.

Жетісу ауданының барлық білім беру орындарында Елбасы Жолдауын іске асыру мақсатында студенттер мен арнайы білім беру орындарының ұстаздары арасында түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Ауданның мәдени өмірінің аспектілері

Жыл басынан «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 15 аудандық байқаулар өткізіліп, 117 үміткер қатысты.

Ауданның мәдени өмірі іс-шаралаға толы болды. Есептік мерзім кезінде барлық мемлекеттік және кәсіби мейрамдарға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді, түрлі спорттық шаралар тұрақты өткізіліп отырды, онда 17 мыңнан аса адам қатысты.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерімен аптасына екі рет заңсыз орнатылған жарнама нысандарын тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Жыл басынан 150-ге жуық заңсыз жарнама құрылғылары жойылды.

 

 

05.01.2018