2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2020
Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты

Құрметті аудан тұрғындары! Өздеріңізге белгілі, 2020 жыл елімізде жарқын оқиғалар мен атаулы мерейтойларға толы жыл болмақ. Биыл біз қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласында абыз ақынның мерейтойының ресми тұсаукесері өтті. Бүгін осы жиын барысында Сіздерге қуанышты хабарды айтқым келеді. Атаулы датаға орай 06 ақпан күні қаламызда ғана емес, бүкіл республикада бірінші болып біздің ауданда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады. Бұл біздің ақынға және тарихқа деген құрметіміз, өскелең ұрпаққа көрсеткен өнегеміз болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген маңызды міндеттерді жүзеге асыруға қосқан үлестің бір парасы деп білемін. Біз төл тарихымызды тереңнен танып, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеуге міндеттіміз.
Біз Абайдай бола алмаймыз, бірақ оның салған жолын жалғай аламыз. Абайдың есімін, ерен еңбегін құрметтеу, үлгі алу, сара жолын жалғау бізге парыз. Ұлт зиялыларын ұлықтау ортақ іс. Ендеше, баршаңызды ұлы Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысуға шақырамын. Ескерткіш Жетісу ауданы аппараты ғимаратының алдында орналасқан. Бюст авторы мүсінші, елімізге еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев.



05.02.2020