Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

02.02.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданының үздік оқушылары, белсенді зейнеткерлер мен интернационалист жауынгерлер кинотеатрға барды

2019 жылдың 02 ақпанында 10-11 сыныптың үздік оқушылары, белсенді зейнеткерлер мен интернационалист жауынгерлер «Максима Иллюзион» кинотеатрына барды, олар үшін екі залда бір уақытта «Көшбасшы жолы» фильмі көрсетілді. Сонымен қатар көрсетілімге аудан әкімінің орынбасары В.Д.Вавилин, Алматы қаласының мәжіліс депутаты Шілікбаев А.К., бокстан еңбек сіңірген бапкер Б.С.Цхвирашвили, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.А.Ақанаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.И.Имашев және аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Қаржауов М.А. қатысты.

Фильмде еліміздің астанасы Алма-Атадан Ақмола қаласына көшірілуі, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа астананы құрудағы қиын əрі маңызды кезеңдері жайлы айтылған.

Іс-шара аудан әкімінің аппаратымен «Жастар жылы» аясында, кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуы қарсаңында және жастарды тұлға арқылы тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Көрсетілімнен кейін үш буынның кездесуіне қатысушылар өзара әсерлерімен бөлісіп, естелік суреттерге түсті.Көрермендердің саны 200-ге жуық адам болды.


02.02.2019