Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018
Өрттен зардап шеккен Жетісу ауданы Көкжиек ш/а тұрғындарына тұрмыстық техника табыс етілді

"Нұр Отан" партиясы Жетісу аудандық филиалына Көкжиек шағынауданының тұрғындарынан тұрмыстық техника жағынан көмек көрсету өтініші келіп түскен еді. Ағымдағы жылдың көктемінде шыққан өрттен шағын ауданның тұрғындары зардап шекті. Міне, бүгін 12 пәтер тұрғындарына жалпы сомасы 2 592 000 теңге көлемінде тұратын тоңазытқыштар мен телевизорлар табыс етілді. Бұл игі іс "Technodom Operator "АҚ-ның қайырымдылық көмегінің арқасында жүзеге асты. Іс-шараға Жетісу ауданының әкімі М. И. Тәжібаев, "Нұр Отан" партиясы Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Омаров М.С., "Technodom Operator" АҚ өкілі Л.Н. Цой қатысты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының, Жетісу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен және "Базис-А" компаниясының күшімен өртенген пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезінде ауданның бизнес қауымдастығының көмегімен мұқтаж отбасыларға пәтерлер жалға алынды.


18.10.2018