Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.05.2017
Жетісу ауданында ҰОС ардагерлерін құттықтау рәсімі жалғасуда

Жыл өткен сайын өкінішке орай қолына қару алып Отанын қорғаған, Жеңіс туын желбіреткен, майданды нанмен қамтамасыз еткен азаматтарымыздың қатары сиреуде. Әскери буын қалып барады, сол жылдардың қорқынышты күндерін бастан кешкен куәгерлерінің маңыздылығы мен ерекшеліктері уақыт өткен сайын біз үшін арта түсуде. Ардагерлерімізді біз әлем болып құрметтеуіміз керек.

9 мамыр, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті 72 жылдық мерейтойының қарсаңында Жетісу ауданының мейірімді кәсіпкерлері аяулы ардагерлерімізді тағы да бір қуантты.

Осылайша, «AlatauConstructionGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ұлы Отан соғысының ардагері «Құлагер» ш/а тұратын Гамаюнов Григорий Ивановичтің пәтерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

«Астык», «Гаухар», «Форт-Секьюрити», «Спецкомбинат» жауапкершіліг шектеулі серіктестіктері мен «Алмас» шаруа қожалығы Ұлы Отан соғысының ардагері Табачно-заводская көшесінде отбасымен тұратын Шевченко Иван Васильевичтің үйінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы алғанда, аудандағы бизнес өкілдері ҰОС ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл жолы да тұрмыстық қажеттіліктер бойынша «Технодом» ЖШС, «Комфорт» сауда үйі, «Сулпак» ЖШС, «Максима» ОСК тұрмыстық техникаларды сыйға беріп, демеушілік көрсетті.

«Технодом» ЖШС ардагер Киченко Владимир Яковлевичке – тоңазытқыш, Карпов Виктор Александровичке – теледидар сыйлады. «Комфорт» сауда үйі Губанов Филипу Петровичке – шаңсорғыш, Данилов Иван Антоновичке шаңсорғыш пен телефон аппаратын берді, «Sulpak» ЖШС-гі өз тарапынан ардагер Кудин Илья Григорьевичке - тоңазытқыш, ал Лютаев Александр Николаевичке теледидар сыйлап, көмек көрсетті.  «Максима» ойын-сауық кешенінің басшылығыда белсенділік танытып Самойлов Василий Кирилловичке және БуенбаевАбдыбакасқа теледидар табыстады. Жетісу ауданында қызмет ететін бетон өнімдерін шығарушы «Бетон-Ата» ЖШС-гі ардагеріміз Имашулы Сейтжапарға ас үйге аса қажет болып табылатын мультиварка сыйлады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында ҰОС барлық ардагерлеріне азық-түлік пакеттері мен гүл шоқтары табысталды.

Биылғы жылы тыл майдангерлері де назардан тыс қалған жоқ. Олардың барлығына азық-түлік пакеттері үлестірілді. Демеушілер ретінде «Тет-А-Тет» кафесі, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, «Обис» ЖШС, «Тұран» ЖШС, «Мета» ЖШС, «Реалист» супермаркеті, «ПраймБеккери» ЖШС, «СarlsbergKazakhstan» ЖШС көмектесті. Тыл майданына қатысушыларға ерекше көңіл бөлген «Форт Сeкьюрити» және «Спецкомбинат» ЖШС-тері. Бұл ұйымдар 20 отбасына төсек орын жабдықтарын, тонометр және азық-түлік пакеттерін сыйлады.

Жетісу ауданы әкімінің аппараты барлық Жетісу ауданының ұйымдары мен кәсіпкерлеріне үлкен алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтауға белсенділік танытады деп сенеміз.



18.05.2017