Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2018
Жетісу ауданында 9 мамыр мерекесі өтті

2018 жылдың 9 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Жеңіс күнінің құрметіне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сағат 9-дан бастап Орталық зиратта Ұлы Отан соғысы ардагерлері, зейнеткерлер, аудандық қызмет басшылары мен мектеп оқушыларының қатысуымен қаза тапқан жауынгерлердің басына салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аудандық «Нұр-Отан» партиясы филиалының төраға орынбасары Омаров М.С. құттықтау сөз сөйледі, рәсімге қатысушылар батырларды құрметтеп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Гүл қою салтанатты шарасынан кейін ардагерлер айтулы датаны мерекелеу үшін «Құлагер» ш/а «Гүлдер» саябағына жеткізілді. Алаң мереке тақырыбына сәйкес безендірілген, мерекелік сауда орналастырылған, әскери ботқа дайындалып, ардагерлер мен еңбек майдангерлері үшін арнайы дастархан жайылған. Келген қонақтар 2468, 73652 әскери бөлімшелер аспаздарының әзірлеген жауынгер ботқасынан дәм татты. Концерттік бағдарламада қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысып, Жеңіс күніне орай әндерін шырқады.


 

09.05.2018