Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2018
Тұмаудың алдын алу

Тұмау – тыныс жолдарының ауыр вирустық инфекциясы. Тұмауды жұқтырудың көзі ауыратын адам болып табылады.

Қауіпті топтарға жататындар: жүктіліктің кез- келген кезеңіндегі жүкті әйелдер,6 айдан бастап 5 жасқа дейінгі балалар,60 жастан жоғары қарт адамдар, сонымен қатар және мүгедектер үйлерінің контингенті,медициналық мекемелерде созылмалы аурулармендиспенсерлік есепте тұратын адамдар, денсаулық сақтау қызметкерлері.

Белгілері:қалтырау,дене қызуының 39-40С көтерілуі,бастың ауырыуы,денедегі ауыртпашылықты, бұлшық еттердің және буындардың ауыруын сезіну,құрғақ жөтел, мұрынмен тыныс алудың нашарлауы,құсу,диарея.

Аурудың алғашқы белгілері кезінде:ауру белгілері біліне бастағанда жедел түрде дәрігерге тексерілуі керек,алақаныңа емес шынтағыңа ғана түшкіру керек,көп мөлшерде сұйықтық ішу керек,С-дәруменін қабылдау.

Вакцинация - тұмаудың спецификалық профилактикасы болып табылады. Вакцинация алу тұрғындардың барлық топтарына ұсынылады.

Спецификалық емес профилактикаға келесі шаралар жатады:қолды сабынмен мұқият жуу немесе дезинфекциялық заттармен сүрту, бірреттік орамалдарды пайдалану,көз бен мұрынды жиі ұстамаңыз,тұтқаны және таяныштарды сирек ұстау,халық көп жиналған орындарға бармау (іс-шаралар, жиналыстар, кездесулер),қоғамдық телефондарды пайдаланбау,салауатты өмір салтын ұстану,керек жағдайда медициналық бірреттік бет пердені (маска) пайдалану.


13.09.2018