Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.04.2016
Алматы қаласының Жетісу ауданы прокуратурасы «Ашық есік күні» акциясын өткізді

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 31.12.2015ж. бекіткен жасөспірімдерді жыныстық қылмыстардан қорғауға және алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жоспарды орындау мақсатында, Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы 21 сәуір 2016 жылы Жетісу ауданы аппаратының мәжіліс залында 65-тен астам Алматы қаласы тұрғындарының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

 Іс-шараға Жетісу ауданының басқармаларының басшылары мен орынбасарлары, аудан әкімі, әкімнің орынбасары, аппарат басшысы және бөлім басшылары қатысты.

Іс-шара барысында азаматтар қабылданып, өздерін мазалап жүрген сұрақтар бойынша шағымдануға мүмкіндік берілді.

Кездесу барысында аудан прокурорымен тұрғындарды қабылдау жүзеге асырылды, қабылдау кезінде қатысушыларға заңнаманың әр-түрлі салалары бойынша оларды алаңдататын мәселелермен шағымдануға мүмкіндік берілді. Аталған іс-шара ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізілді.

Барлық азаматтарға нақты түсіндіру жауаптары берілді.

     

21.04.2016