Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.09.2017
Алматы қаласы Жетісу ауданының ардагерлері қаланы аралады

2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Қарттар айлығы» қарсаңында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.І.Тәжібаев 80-85 жасқа келген мерейтой иелері үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне 50-ден аса адамға саяхат ұйымдастырды.

Ардагерлерге арналған экскурсия Панфилов көшесі бойында жаңартудан өткен жаяу жүргінші аймағынан басталды. Біздің ауданның ардагерлері жаңа Арбатпен бірінші болып жүріп өтті. Одан кейін қариялар алматылық жерасты жолы – метромен жүрді. Автобустық саяхаттың келесі аялдамасы – ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы, онда ардагерлер серуендеп, өмірлік естелік кездерін еске түсірді. Әрі қарай, қариялар Алматыдағы халықаралық шаңғы трамплиндер кешеніне жеткізілді, онда тек қана трамплиннен секіру жарыстары ғана емес қалалық ірі көлемде ұйымдастырылатын мәдени-бұқаралық шаралар да өткізіледі. Экскурсия соңында қатысушылар мемлекетіміздің ең көне және ең ірі мұражайларының бірі – ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайына барды. Сақталатын қор жинағы 300 мың бірліктен асады.

Шақырылған ардагерлер мен зейнеткерлер ұйымдастырылған іс-шараға өз алғыстарын айтып, алған әсерлерімен өзара бөлісті.

Қарттар айлығы аясында Жетісу ауданында ардагерлер мен зейнеткерлерді барынша қолдау және көмек көрсету бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Осы күндері аудандағы барлық қалалық емханаларда ашық есік күні ұйымдастырылады, спорттық шаралар мен қайырымдылық акциялары өткізіледі.

Сонымен қатар, ауданда орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдар да атсалысып, зейнетке шыққан адамдарды құттықтауға ниет етуде. Ешкім назардан тыс қалмайды деген сенімдеміз.




29.09.2017