Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.07.2019
Олимпиада ойындарының чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимовтың қатысуымен «Ұлы дала Елордасы!» іс-шарасы ұйымдастырылды

2019 жылдың 05 шілдесінде «Нұр-Сұлтан» күні қарсаңында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты ЛА-155/6 мекемесінің басшылығымен бірлесе отырып «Ұлы дала Елордасы!» іс-шарасын ұйымдастырды. Шараға Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В.Д.Вавилин және қазақ боксшысы, олимпиада ойындарының чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимов қатысты.

Мерекелік іс-шара алдында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен айналысуға жұмылдыру, денсаулықты жақсарту, сонымен қатар құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жазасын өтеуші кәмелетке толмағандар арасында шағын-футболдан жарыс өткізілді.

Шара «Астана – Көшбасшы жолы!» фильмін көрсетуден басталды.

Фильмнен кейін ЛА-155/6 мекемесінің жасөспірімдері, өздерінің көркем өнерпаздары мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концертті тамашалады.

Демеушілердің қолдауымен ЛА-155/6 мекемесіне екі «жүгіру жолы» тәрбиеленушілері үшін сыйға тартылды.

Мереке соңында жазасын өтеп жүрген кәмелетке толмағандарға арнайы дастархан жайылып, балмұздақ берілді.

Іс-шара барысында атақты спортшы Ермахан Ибраимов балалармен әңгімелесті, өзінің спорттағы өмір жолы жайлы айтты, «басты соққыларын» көрсетіп, өсиетті тілегін жолдады.

05.07.2019