

2468 әскери бөлімінің басшылығы ардагерлердің үйіне барды
17.10.2014
2014 жылдың 17 қазанында «Қарттар мен мүгедектер айлығының» аясында Жетісу ауданы әкімінің аппараты 2468 әскери бөлімшесінің басшылығымен бірлесе отырып, соғыс және тылда еңбек еткен ардагерлердің үйіне барды.
Бұл бағыттағы жұмыстың мақсаты ардагерлердің көңіл-күйін білу, денсаулығын тексеру, әскери бөлімшенің әзірлеген сыйлығын табыс ету болды. Іс-шараға әскери бөлім командирінің орынбасары, полковник Е.Ә.Нағыманов, әскери-медициналық қызметтің бастығы, майор Е.А.Құрманбаев, әйелдер кеңесінің төрайымы, кіші сержант А.Б.Рахымбаева және басқа да қызметкерлер атсалысты.