Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

02.11.2017
Жетісу ауданының оқушылары күзгі демалыс кезінде «Медеу» мұз айдынына барды

2017 жылдың 02 қарашасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары және жетім балалар үшін «Пайдалы демалыс» акциясы өткізілді.

100 бала «Медеу» спорт кешеніндегі мұз айдынында конькимен сырғанады.

Алматы қаласынан 18 км. жерде орналасқан мұз айдыны балаларды әсем әуенмен қарсы алды. Кейбіреуі үшін бұл таныс жер болса, кейбір бала «Медеу» мұз айдынына алғаш рет келді. Әртүрлі жастағы жиналған балалар бір-біріне көмектесе сырғанау техникасын көрсетті. Балалардың жарқын жүздерінен жақсы көңіл-күй байқалып тұрды.

Мектеп оқушылары ұстаздармен келді, әсерлерімен асыға бөлісті. Олардың ойынша ұйымдастырушылар тарапынан жасалған мұндай  сыйлық ойыншық немесе басқа да сыйлықтардан артық. Осылай басталған күзгі демалыс оқушылардың естерінде қалатынын жеткізді.

 https://almaty.tv/news/news/novyy-rekord-ustanovlen-na-katke-medeu


02.11.2017