Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.02.2019
Жетісу ауданы ардагерлер Кеңесінің бастауыш ұйымдарының жалпы жиналысы өтті

2019 жылдың 1 ақпанында Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, Жетісу ауданы ардагерлер Кеңесінің бастауыш ұйымдарының жалпы жиналысы болып өтті. Өткізілген іс-шараға Алматы қаласы Жетісу ауданының орынбасары В.Д. Вавилин, Алматы қаласы Жетісу ауданының ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шаяхмет Имашұлы, Жетісу ауданына қарасты бастауыш ұйымыдардың төрағалары мен төрайымдары және аудан зейнеткерлері қатысты.  Жиналысты Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В.Д. Вавилин ашты. Ол ардагерлерге мағыналы әрі ұзақ өмірді тілей отырып, ардагерлердің қоғамдағы белсенділігінің маңыздылығы туралы айтты. Мемлекетте ардагерлерге және ардагерлердің қоғамдық ұйымдарына көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. 

Әріқарай жиналысты Жетісу ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Имашев Шаяхмет Имашұлы жалғастырды. Жиналған жұртты ардагерлер Кеңесінің 2019 жылғы жұмыс жоспарымен және Кеңес құрамындағы кадрлық өзгерістермен таныстырды: Төрағаның орынбасары болып зейнеттегі журналист-публицист Абдраимов Абдрашит Бәкірұлы мен Айнабулақ шағын ауданы бастауыш ұйымының төрайымы Макатер Любовь Ивановна сайланды.

Сонымен қатар, комиссия төрайымдары болып:

- Ұйымдастыру-әдістемелік комиссия төрайымына Аринова Фарида Набиуловна;

- Жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, мәдениет және спорт, денсаулықты түзеу жұмысы комиссиясы төрайымына Вечуткина Валентина Николаевна;

- Әлеуметтік-тұрмыс және медицина мен шипажайлық емдеу комиссиясы төрайымына – Шуракова Людмила Ивановна;

- Коррупциямен күрес комиссиясы төрайымына Шайкемелова Кульдерай Мухамедиевна сайланды;

Ардагерлер Кеңесінің орынбасарлары мен комиссия төрайымдары бірауыздан сайланып, отырған жұрт жиынның нәтижесіне ризашылығын білдірді. Іс-шара соңында ардагерлер Кеңесінің Төрағасы Шаяхмет Имашұлы жиынға келген жұртқа алғысын айтып, барлығына белсенді ұзақ ғұмыр тіледі.  


01.02.2019