2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

02.09.2015
Жетісу ауданы кәсіпкерлеріне жиналыс өткізілді

2015 жылдың 1 қыркүйек күні Жетісу ауданы әкімі аппаратында «Бизнестің жол картасы - 2020» төрт бағыттағы бірыңғай бағдарламаны қолдау мен бизнесті дамыту аясында, бизнесті мемлекеттік және сервистік қолдау құралдарын дәріптеу бойынша жиналыс өтті.

Іс-шараға Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.С. Садвакасова, Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілі Р. Лемисов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өкілі М. Хасанова, «Даму» АҚ аумақтық филиалының өкілдері З. Карменова, Ж. Ермағанбетов, аудандық кәсіпорын басшылары мен өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында Ж. Садвакасова кіші кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қалалық және аумақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарды қолдау және дамыту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, экономика секторындағы аумақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңбе-тең өсімі мен қазіргі жұмыс орындарын сақтауды және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының әзірленгендігін де атап кетті.

Сонымен қатар, «Даму» АҚ аумақтық филиалының өкілдері З. Карменова мен Ж. Ермағанбетов және Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өкілі М. Хасанова орта және шағын бизнесті мемлекет тарапынан қолдау программалары жөнінде толық ақпарат беріп, аудан кәсіпкерлерінің сұрақтарына толық жауап беріп отырды.

02.09.2015