Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.11.2016
Аудан прокуратурасының мәжіліс залында Алматы қаласы тұрғындарының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

2016 жылғы операциялық жоспардың 2-тармағына сәйкес, халықтың прокуратура органдарына деген сенімін арттыру мақсатында Жетісу ауданы прокуратурасы 2016 жылдың 29 қарашасында  аудан прокуратурасының мәжіліс залында Алматы қаласы тұрғындарының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді (50-ге жуық адам қатысты).

Аталған акцияға аудан әкімінің орынбасары Мұрынова М.Ш., ауданның МКБ  жетекшісінің орынбасары Чаунин Е.Е., ауданның АТЖБ бастығы Асаинов С.Т., «Жетісу аудандық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқармасы» РМК басшысы Хасенов К.М., ауданның ХҚКО басшысы Жетпісбаев А.А., ауданның ІІБ ЖПҚ бастығы Омаров Д.Т. қатысты.

Кездесу барысында азаматтарды қабылдау қамтамасыз етілді, қордаланған мәселелер бойынша қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалаудың жеке бағыттары бойынша заңдылық жағдайы талқыланды, қатысушыларды қызықтырған сауалдарға жауаптар берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңының «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру тәртібі туралы» тақырыбына заңдық түсінік жұмысы жүргізілді.


29.11.2016