Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.07.2018
Жетісу ауданы әкімі аппаратында бірыңғай бағдарламаны қолдау мен бизнесті дамыту аясында, бизнесті мемлекеттік және сервистік қолдау құралдарын дәріптеу бойынша жиналыс өтті

2018 жылдың 19 шілде күні Жетісу ауданы әкімі аппаратында бірыңғай бағдарламаны қолдау мен бизнесті дамыту аясында, бизнесті мемлекеттік және сервистік қолдау құралдарын дәріптеу бойынша жиналыс өтті.

Аталған отырысқа Алматы қаласы КжИИдБ өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің мониторингі бөлімінің басшысы - Р.Н.Ворошилов, «Индустриалды аймағы» ЖШС-нің бас директоры - М.Э.Турабеков, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы – А.Е.Умирбековжәне Жетісу ауданының өнеркәсіпкерлерінің басшылары қатысты.

«Индустриалды аймақты дамыту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Өнеркәсіп аймағын дамыту бойынша ауқымды жұмыс өзінің нәтижелерін беріп отыр. Мысалы, ағымдағы жылы инфрақұрылым құрылысын 62%-ға, ал 2019 жылы толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сол уақытқа қарай біз жұмысы аяқталған жобаларды ескере отырып, 22 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті өнеркәсіпкәсіпорындары қызметінің мониторингі бөлімінің басшысы Рүстем Ворошилов.

Сөз кезегінде айта кетейік, 2016 жылы Алматы Индустриалды аймағы инфрақұрылыммен 25%-ға, ал 2017 жылы – 40%-ғақамтамасызетілгенболатын.

Алматы Индустриалды аймағының аумағында өнеркәсіп өндірістерін орналастыру үшін әлеуетті резиденттер +7 (727) 272-24-01, +7 (727) 272-24-09 телефон нөмірлері немесе Республика алаңы, 4, кабинеттер 232, 234 мекенжайы бойынша өтініш жасай алады.

«Алматы Индустриалды аймағы» ЖШС +7 (727) 237-69-10 (12, 13, 14).


19.07.2018