
26.02.2016
Жетісу ауданында Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығына орай шахматтан турнир өтті
26.02.2016
2015 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен №118 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Шахмат әлеміндегі қызықтар» атты аудандық турнир ұйымдастырылды. Ойын басталар алдында Қазақстан Республикасының гимні орындалды. Қатысушылар турнир регламент және қазылар құрамымен таныстырылды. Ойыншылар өз шеберліктерін ортаға салып, түрлі күрделі шахмат әдістерін көрсетіп, ойынды әдемі жеңіспен аяқтай білді.
Жарыстың нәтижесінде озып шыққан жеңімпаздар аудан әкімі Т.Разақовтың 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталып, сонымен қатар ардагерлер мен зейнеткерлерге турнирге белсенді қатысқаны үшін естелік сыйлықтар табыс етілді.