Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.08.2019
«ҚР Конституциясы күні» құрметіне «Гүлдер» саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
       

 2019 жылдың 30 тамызында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен «ҚР Конституциясы күні» құрметіне Құлагер ш/а «Гүлдер» саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
          Салтанатты шара ҚР туын әкелу және мемлекеттік гимнін орындаудан басталды.
          Аудан тұрғындары мен қала қонақтарын Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В.Д.Вавилин құттықтап, ашық аспан, бейбітшілік пен Отанымыздың гүлденуін тіледі. 
          Конституция күнін атап өту әртүрлі салада еңбектерінің арқасында жетістіктерге жетіп, үлгі болған, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларын Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.С.Қиқымовтың құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттау үшін жақсы себеп болды.
          Мерекелік шара барысында жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында бірінші сынып оқушыларын марапаттау рәсімі өтті. 300 аса оқушы құралдары салынған мектеп сөмкелері көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына сыйға берілді.
         Осы күні «Гүлдер» саябағының аумағында аудан әкімінің аппараты, «Алматы спорты» және ардагерлер кеңесімен бірлесе ардагерлер мен зейнеткерлер арасында «Скандинавиялық жүруден» ауқымды спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Жетісу ауданының жасы ұлғайған тұрғындары бұл спорт түрімен белсенді айналысып келеді, онда арнайы өңделген таяқшалардың көмегімен жүрістің белгілі әдісі мен техникасы қолданылады. Жарысқорытындысы бойынша жеғңмпаздар әкімнің дипломдарымен марапатталды.
        Мемлекеттік мейрам құрметіне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, балалар аттракциондары, мерекелік сауда, атпен серуендеу болды.



30.08.2019