Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.08.2017
«Қазақстан Республикасының Конституция күні» Жетісу ауданының «Гүлдер» саябағында өткізілді

2017 жылдың 29 тамызында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Құлагер шағынауданындағы «Гүлдер» саябағында Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты шара алдында ҚР мемлекеттік гимні орындалды. Аудан әкімінің орынбасары С.Тоғай құттықтау сөзімен шараны ашты.

ҚР Конституция күні құрметіне ҚР Президентінің 2017 жылғы 6 маусымдағы Жарлығымен ауданда тұратын көпбалалы аналар «Күміс алқа» алды.

Сол күні, өрт жағдайында адамдарды құтқару кезінде ерлік, жігерлілік таныта отырып, шебер әрекеттері үшін, сонымен қатар Жетісу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар тұлғалар алғыс хаттармен марапатталды.

«Казлегпром» ЖШС демеушілік көрсетіп, аз қамтылған отбасының мектеп жасындағы балалары мен жетім балаларға мектеп формаларын және аяқ-киім сыйлады.

«Мектепке жол» акциясының аясында жаңа оқу жылының басында тұрмыс жағдайы төмен отбасының балалары үшін мектепке қажетті құралдары салынған  200-ден аса мектеп сөмкелерін беру рәсімі өткізілді.

Мерекелік концертке Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Вавилин В.Д. келген қонақтарды «Конституция күнімен» құттықтай отырып, тамашалап отырған дұйым жұртты «Атамекен» әнімен тәнті етті. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының және №9 оқушылар үйі балаларының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Саябақ аумағында мерекелік сауда және балаларға арналған аттракциондар қойылды.

 


29.08.2017