Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.04.2019
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Мұздай темір құрсанып...» атты темірші-ұсталар экспонаттарының көрмесі ұйымдастырылды

2019 жылдың 11 сәуірінде  «Ұлы даланың жеті қыры» Елбасының мақаласы аясында  Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Мұздай темір құрсанып...» атты ежелден ел қорғаған қазақ батырларының суық қару түрлерін қалпына келтіруші, «Түрік дүниесінің алдындағы сіңірген еңбегі үшін» сыйлығының лауреаттары, Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, Жетісу ауданының тұрғындары болып табылатын ағайынды темірші-ұсталар Құлментегі Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Жетенұлдарының үлгі экспонаттарының көрмесі ұйымдастырылды. Топтама авторларының жұмысы жайлы шетел журналистері көптеген ғылыми-деректі фильмдер түсірген болатын.

Көрме бағдарламасында қару-жарақ, ежелгі жауынгерлердің сауыт-саймандары, музыкалық құралдары және басқа да тұрмыстық бұйымдары көрсетілді. Іс-шара барысында келушілердің назарына ежелгі артефактілердің жасалу тәсілдері жайлы деректі фильм қойылды, экспонаттар саны 80 данаға жуық.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне түрлі мемлекет елшіліктерінің өкілдері, өнер қайраткерлері, Жетісу ауданының мектеп оқушылары, ардагерлер кеңесі және т.б. шақырылған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнер академиясының Президенті, академик А.А. Ақанаев темірші-ұсталарға ҚР мәдениеті мен өнеріне қосқан елеулі үлестері үшін «Ұлы Елдің Тарандысы» дипломы мен медалін табыстады.

Көрме 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

https://almaty.tv/kz/news/kultura-i-shou-biznes/1700-dospekhi-i-kholodnoe-orudgie-sakskikh-vremyon-predstavili-v-almaty 


11.04.2019