Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2017
Қарасу елді мекенінде орналасқан «Қанды сай» ескерткішіне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні гүл шоқтары қойылды

31 мамыр, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қарасу елді мекенінде орналасқан «Қанды сай» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Аталған іс-шараға Алматы қаласының Алатау, Жетісу, Түркісіб және Аламаты обласы Іле аудандарының әкімшілік аппараттарының өкілдері және аудан ардагерлері кеңесінің мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.

Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға және сол кісілер әруағына құрмет көрсетуге Жетісу ауданынан Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Тоғай Санжар Әділұлы, Жетісу ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы Умралиева С.А, ішкі саясат бөлімі, Жетісу ауданының Нұр Отан партиясы филиалының төраға орынбасары және ардагерлер қоғамы қатысты.

Аталған шара Қазақстан Респуликасының гимнімен және бір минуттық үнсіздікпен басталды. Еске алу іс-шарасында әрбір аудан өкілі жиналғандарға баяндамаларын оқыды.

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары  Тоғай С.Ә.  Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдың 31 мамырынан бастап өтетіндігін мәлімдеді. «Біздің еліміз үшін бұл күн ерекше мағынаға ие. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында Қазақ халқының Тұрар Рыскулов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Магжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розабакиев, Илияс Жансугуров, Левон Мирзоян, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров т.б. зиялы қауым өкілдері ату жазасына кесілген болатын.

Бұдан басқа, жүздеген  мың саяси қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар Қазақстанға жер аударылды, олардың ішінде немістер, поляктар, корей отбасылары, Солтүстік Кавказ халықтарының мыңдаған өкілдері де болды».  Біздің Республика 70 жылдан аса миллиондаған кеңес азаматтары үшін қуғын-сүргін және жер аудару орны болып табылды, тарих осылай қалыптасты.

1921-1954 жылдар аралығында Кеңес Одағы уақытында жалпы сотталғандар саны 3 млн 777 мың адам болды, олардың 642 мыңы өлім жазасына кесілді. Осы уақыт аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады және 25 мыңнан аса адам ату жазасына кесілді. Қиын қыстау уақытқа қарамай қазақ халқы үйсіз-күйсіз қалған адамдарды  жылы шыраймен қабылдады. Қазақ халқының рақымшылығының нәтижесінде қанды тоталитаризм машинасының алдында төтеп беріп, көптеген адамдар өмір сүруге мүмкіндік алды. Тәуелсіздік үшін және қазақ халқының бостандығы үшін күрескен адамдардың есімдері біздің есімізде мәңгілік сақталады.» - деп Тоғай С.Ә. сөзін аяқтады.

Шара соңында, «Әуелхан» мешітінің бас имамы қуғын-сүргін құрбандарының әруағына құран бағыштады.



31.05.2017