Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.03.2018
Жетісу ауданының № 137 мектебінде «Алғыс айту күніне» арналған аудандық ісшара ұйымдастырылды

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығына және аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Алматы қаласы Жетісу ауданының № 137 мектеп қабырғасында «Алғыс айту күніне» арналған аудандық ісшара ұйымдастырылды. Аталған ісшараны 2017 жылы күрделі жөндеу жұмысынан өткен № 101, 118, 110 және 137 мектеп оқушылары, қала мен аудан басшыларына өздерінің жылы лебізі мен алғысын концерттік бағдарлама қою арқылы білдірді.
Іс-шараға Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Ардагерлер Кеңесінің төрайымы, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, аудандық білім бөлімі, баспа-сөз қызметттерінің өкілдері, аудан мектептерінің директорлары, ата-аналар қатысты.
Шара басында аудан әкімі атынан Жетісу ауданы әкімнің орынбасары С.Тоғай келген қонақтарды құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп алғысын айтты.
Сонымен қатар, ауданның барлық білім беретін мекемелерінде «Қазақстан – келісім мен бейбітшілік елі» тақырыбына сай сынып сағаттары өткізілді, фильмдер көрсетіліп, біздің мемлекетіміз бен бас қаламыз – Астана жайлы слайдтар қойылуда. Кітапханаларда «Жанұяда берге» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.


01.03.2018