Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2018
Жетісу ауданы әкімінің соңғы есептік кездесуі №80 жалпы білім беретін мектебінде өтті

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.И. Тажибаев ағымдағы жылы қаңтардың «16» мен ақпан айының «5» аралығында Жетісу ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен келер жылға қойылған міндеттерді таныстыру мақсатында, тұрғындарға арналған соңғы 8-ші есептік кездесуін Жетісу ауданының «Первомайский» ықшамауданында орналасқан №80 жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында бекітілген желілік кестеге сәйкес өткізілді. 
Іс-шараларға Алматы қаласының маслихат депутаттары Қ.О. Қазанбаев, Е.Д. Стамбеков, Ли В.С., қала мен аудан құрылымдары және қызметтердің басшылары, «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан басшысының есебі аяқталған соң, тұрғындар өздерінің әртүрлі ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, бірнеше көкейкесті сауалдары бойынша жазбаша және ауызша сұрақтарын қойды. 
Жалпы ауданда өткізілген 8 есептік кездесуге 2091 адам қатысып, 89 сұрақ қойылды. Сауалдардың көбісі автобустардың маршруты, аумақты көріктендіру, көшелерді жарықтандыру, ЖПИКтердің жұмысы және ауданның тұрғын үй және тұрмыстық қызмет шаруашылығы жайында болды. Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қатар, тұрғындар қозғаған мәселелер, аудан басшылығының жеке бақылауына алынды. Жетісу ауданының тұрғындары аудан әкіміне аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарына алғыстарын білдірді.

http://www.inform.kz/kz/almatyda-eski-10-uydin-ornyna-on-bir-turgyn-kesheni-salynady_a3143827

http://www.inform.kz/kz/almatydagy-ulken-zhol-ayrygynyn-kurylysy-2019-zhyly-ayaktalady_a3143800

 


05.02.2018