Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017
«Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жетісу ауданы Прокурорының кезекті қабылдауы өтті

26 шiлде  күні сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының мәселелі сұрақтарына жауап беруге Алматы қаласы Жетісу ауданының Прокуроры Н.Б.Бекназаров қабылдау өткізді.

Прокурордың кезекті қабылдауында  шағымданушылар жер учаскесіне  мемлекеттік  актілері бар болса да,  меншік құқықтарын бұзылғаны жөнінде, алимент және алаяқтардың іс-әрекеті, басқа да көптеген мәселелер бойынша шағымданды.

Өтініш берушілердің ұсынылған құжаттарымен танысып, прокурор арызданушыларға бірқатар ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

 «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлiмiне бiр ай бұрын Прокурор қабылдауына тiркелген болатын. Аудан тұрғындары келеңсіз жағдайларға тап болуына байланысты шағымдармен прокурордан көмек сұрады.

"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауында  Жетісу ауданының прокурордың атына барлық сауалдарға жазбаша және ауызша қабылданды. Уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар орындалу мерзімі көрсетіліп, сондай-ақ  өтiнiш берушiлерге түсініктемелер,  шешу барысында жауап берудің мәселелері бақылауға алынды.

 Қабылдауда «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының қызметкерлерi  қатысты.



26.07.2017