Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.11.2018
№148 мектеп-гимназиясында «Тұлға арқылы тәрбиелеу» атты іс-шарасы өтті

2018 жылдың 26 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен №148 мектеп-гимназияда «Тұлға арқылы тәрбиелеу» атты іс-шарасы өтті. Кездесуге қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Цхвирашвили Борис Семенович, бокстан спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Абдиналиев Серик Абдиналиевич, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вавилин Вячеслав Дмитриевич, ҚР еңбек сіңірген бапкері, «Сұлтан-Динамо» спорт клубының директоры Сыдыков Рахимжан Нұрахунұлы қатысты.

Бұл шараның мақсаты қазақстандық спорт тарихына деген қызығушылықты арттыру, спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Кездесу пресс-конференция форматында өтті. Залда отырған қатысушылар спорттық өмір туралы, жаттығу процесі мен жеңістің қиындықтары туралы чемпионның өзінен естіді. Спортшылар оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында жас спортшылар естелік суретке түсті.

 

26.11.2018