Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2018
Баланың туу туралы куәлігін SMS арқылы рәсімдеуге болады

Ақпараттық және компьютерлік технологиялар дамыған заманда адамға өз уақытын үнемдеуге керемет мүмкіндіктер жасалуда. Бұрынғыдай ұзақ-сонар кезектерде тұрып, құжат рәсімдеудің қажеттілігі кешегі күннің еншісінде қалып барады. Елімізде «Электронды үкімет» бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсетудің сапасы жақсарып, тиімділігі де арта түскені анық.

Сонымен қатар еліміздегі «Электронды үкімет» порталы аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында енгізіліп жатқан көптеген жаңашылдықтар аз емес. Олардың барлығы қала және аудан тұрғындарының уақытын үнемдеуге, қысқа мерзім ішінде құжат түрлерін рәсімдеуге бағытталған. Соңғы кезде қолданыс тауып жатқан жаңашылдықтың бірі ретінде нәресте дүниеге келгенде оның туу туралы куәлігін ұялы телефонмен sms-хабарлама жолдау арқылы рәсімдеуге болады. Босанатын ана перинаталды орталыққа түскеннен кейін оның «M-gov» базасында бар-жоқтығы нақтыланады. Туу туралы куәлікті алу үшін  баланың атын, тегін, әкесінің атын жазу қажет. Сондай-ақ баланы тіркеу үшін АХАТ бөлімшесі көрсетіледі. Әрі қарай нәрестені балабақша кезегіне тіркеу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны рәсімдеу шаралары да жасалады. Бүлдіршіннің кезекке тіркелгені, жәрдемақы туралы хабарлама да ұялы телефон иесіне sms-хабарлама арқылы жолданады. Айта кетейік, Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №1 және №2 Халыққа қызмет көрсету департаменттерінің аудандық бөлімдерінде де тұрғындарға қызмет көрсетудің мұндай түрі қолданысқа енгізілді. Аудан тұрғындары бұл жаңашылдықтың тиімді тұстары көп екенін айтуда. Қорыта келгенде, халыққа қызмет көрсетудің ыңғайлы әрі сапалы болуына ерекше мән берілуде.

Проактивті қызмет түрлері

Қазіргі таңда азаматтарымызға үйден шықпай-ақ, ХҚКО-на бармай-ақ, жаңа туылған нәрестее туу туралы куәліктерді смс арқылы алу жобасы іске асты. Сонымен бірген балабақша кезегіне қойып,жәрдемақылар тағайындауға да мүмкіндіктері бар. Пилоттық жобаны орындау үшін азаматша мобильдік үкімет порталына тіркеледі, қызметтің бұл түрі ұялы байланыс (телефон) арқылы жүргізіледі.

Былтырғы жылдың 29 желтоқсанында бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен ұсыну бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба -азаматтар мен мемлекет қарым – қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын, олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер мен сервистерді дер кезінде қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда перзентханада мамандарымыз проактивті принцип бойынша осы қызмет түрін көрсетіп отыр. Проактивті принцип - адамның өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылатын жоба. Жаңа босанған анаға автоматты түрде іске қосылып, оның сәбиіне берілетін, баланың аты-жөні сұратылған хабарлама келеді. Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді СМС (SMS)  хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай – ақ, телефон (ұялы байланыс) арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. Ол үшін, яғни проактивті қызметке қол жеткізу үшін ең алдымен мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін ЖСН (жеке сәйкестендіру нөміріне) байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.

Бүгін біз осы проактивті қызметті жүзеге асыру  мақсатында перзентханадан құжаттар қабылданды. Азаматшаға әуелі 1414 байланыс орталығынан құттықтау сөз келді. Артынша қызметті телефон арқылы смспен жіберіліп отырады. Проактивті жоба тез, әрі жылдам орындалады. Проактивті жобамен жұмыс атқарып отырғанымызды барлық азаматтарға мәлімдейміз! 


22.01.2018