Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2016
Жетісу ауданында «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы өткізілді.

08.12.2016 жылы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында «Әйелдер мен балаларға зорлық змбылықсыз 16 күн» тақырында іс-шара  өткізілді. Жетісу ауданы әкімі жанындағыӘйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен бірге аталған акцияда Алматы қаласы ІІД әкімшілік полициясы басқармасының ЮПБ башысы - Алипбаева Л.А.,БҰҰ Қоныстану қорының үйлестірушісі - Молдагулова Г., аудан прокурорының көмекшісі  – Агеева М.В., АББ басшысы – Құсайынова С.А., «Еуразиялық келісім қоры» ҚБ үйлестірушісі - Абдрасилов А.,Жетісу ауданы ІІБ қызметкерлері,білім беру мекемелерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік мұғалімдер, психологтар, ауданның ата-аналар комитетінің төрағалары.

Алипбаева Л.А., Молдагулова Г., Агеева М.В., Кусаинова С.А. өз баяндамаларында әйелдердің тұрмыстағы зорлық-зомбылық, ақпаратсыздығы, құқықтары, құқық бұзушылықтар туралы айтып өтті. Іс-шараның басты мақсаты: әйелдерді отбасында, қоғамда, мемлекетте қалыптастыру. Отбасының және отбасы-неке қатынасын нығайту, неке және отбасының құндылығын сақтау. Отбасындағы әйелдер мен ерлердің құқықтарының теңдігі, бала тәрбиесіндегі басымдық, ата-аналардың жауаптылығы. Отбасы ішіндегі міндеттердің бөлінуі. Әрбір қатысушы отбасындағы, достары, теңдестері және қоғам арасындағы зомбылыққа қарсы тұрудың маңыздылығына өз қатынастарын білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шарада келесі ғаламдық міндеттемелерге бағытталды:

- тұрғындар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесі;

- ата-аналармен балалардың  зорлық-зомбылыққа қарсы міндеттерін және құқықтарын түсіндіруде «Родник», «Подруги» сияқты қоғамдық ұйымдарды  тарту;

-  аудандық прокуратура, ІІБ және аудандық білім беру мекемелерімен проблемалық отбасыларды анықтап және тізімін жасапу;

- аталған отбасылармен зорлық зомбылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу;

- семинарлар, дөңгелек үстелдер, видеороликтер көрсету, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру.


10.12.2016